Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 қаңтардағы N 27 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 23 шілдедегі N 991 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 16 ақпандағы № 141 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2011.02.16 № 141 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Қазақстан Республикасының Үкіметінің жанынан Қазақстан Республикасының ғарышкеріне кандидаттарды алдын ала іріктеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 7 қаңтардағы N 27 P000027_ қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасының Энергетика және минералдық ресурстар министрлігіне 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және өзге де күтпеген шығыстарды жоюға көзделген

 

Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен ғарышкерлікке кандидаттарды

алдын ала іріктеу жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін 4 000 000 (төрт

миллион) теңге бөлсін.".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Мамандар:

       Қасымбеков Б.А.

       Икебаева Ә.Ж.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады