Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Шаруашылық жүргізу құқығындағы "ФУМЭКС" республикалық мемлекеттік кәсіпорны шаруашылық жүргізу құқығындағы "Фитосанитария" республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - Кәсіпорын) болып қайта аталсын.
2. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі бір ай мерзімде заңдарда белгіленген тәртіппен:
1) Кәсіпорынның құрылтай құжаттарына тиісті өзгерістер енгізуді;
2) Кәсіпорынды әділет органдарында қайта тіркеуді;
3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз етсін.
3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
2) "Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Өсімдіктер карантині жөніндегі комитетінің "ФУМЭКС" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996 жылғы 26 мамырдағы N 649 P960649_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-, 1999 ж., N 22, 221-құжат):
4-тармақта:
1) тармақшадағы "экономикалық" деген сөз алынып тасталсын;
2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
"2) карантиндік зиянкестерге, өсімдіктердің ауруларына және арам шөптерге қарсы іс-шаралар жұргізу;";
мынадай мазмұндағы 2-1) және 2-2) тармақшалармен толықтырылсын:
"2-1) аумақтардың фитосанитарлық жағдайы туралы ақпараттарды жинау мен дайындау;
2-2) өсімдіктерді қорғау препараттарын дайындау және сату".
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі