Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "шаруашылық жүргізу құқығындағы "Халықаралық көрмелер дирекциясы" республикалық мемлекеттік кәсіпорын құру туралы" 1999 жылғы 27 желтоқсандағы N 1988 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
"2-1. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Уәкілетті органға
Қазақстан Республикасының Үкіметі резервінің табиғи және техногендік
сипаттағы төтенше жағдайларды жою жөніндегі іс-шараларға және 2000 жылға
арналған республикалық бюджетте көлденең шығындарға арналған қаражатының
есебінен Кәсіпорынның жарғылық қорын қалыптастыруға 7250 (жеті мың екі жүз
елу) мың теңге бөлсін."
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.