"Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамының кейбір мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 10 ақпан N 196

      2000 жылғы 11 ақпанда "Қазақстанда Халықтық Жинақ Банкі" ашық

 

акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысын өткізу

мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және

жекешелендіру комитеті заңдарда белгіленген тәртіппен "Қазақстан Халықтық

Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы

жиналысы мына кандидаттарды аталған қоғамның Директорлар кеңесіне мемлекет

атынан мүшелер етіп енгізілсін:


     Смағұлов Қайрат          - Қазақстан Республикасының

     Молдрахманұлы              Премьер-Министрі Кеңсесі

                                Басшысының бірінші орынбасары,

                                төраға


     Абдулина Нәйлә           - Қазақстан Республикасы Ұлттық

     Құрманбекқызы              Банкі төрағасының орынбасары

                                (келісім бойынша)

     Досаев Ерболат           - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Асқарбекұлы                вице-министрі

     Мәсімов Кәрім            - "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі"

     Қажымқанұлы                ашық акционерлік қоғамы

                                басқармасының төрағасы


     Раханов Мақсұтбек        - Қазақстан Республикасының Қаржы

     Смағұлұлы                  министрлігі Мемлекеттік мүлік

                                және жекешелендіру комитетінің

                                төрағасы


     Сартбаев Медет           - Қазақстан Республикасының

     Мақсұтұлы                  Экономика вице-министрі



 
       2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті төрағасының орынбасары Мейрамкүл Алтынбекқызы Жүзбаеваға дауыс беру және жиналыс өткізудің қорытындысы бойынша қажетті құжаттарға қол қою құқығына сенімхат беріле отырып, "Қазақстан Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік қоғамы акционерлерінің кезектен тыс жалпы жиналысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүддесін білдіруге өкілеттік

 

берілсін.

     3. "Қазақстан Республикасының Халықтық Жинақ Банкі" ашық акционерлік

қоғамының жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің

1999 жылғы 17 наурыздағы N 255 қаулысының (Қазақстан Республикасының

ПҮАЖ-ы, 1999 ж., N 9, 73-құжат) күші жойылды деп танылсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Омарбекова А.Т.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады