Мектептерге компьютерлік техниканы тегін беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 10 ақпан N 200

      Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 22 қыркүйектегі N 3645 N973645_ өкімімен бекітілген Қазақстан Республикасы Президентінің орта білім беру жүйесін ақпараттандыру жөніндегі мемлекеттік бағдарламасын іске асыруға жәрдемдесу мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдеріне, министрліктердің басшыларына жұмыс істеп тұрған жаңа буын компьютерлік техникасына түгендеу жүргізу және компьютерлік паркті жаңалауға байланысты босағандарын заңдарда белгіленген тәртіппен жергілікті мемлекеттік орта білім мекемелеріне тегін беру ұсынылсын.
      2. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері белгіленген

 

санитарлық талаптарды сақтай отырып жалпы білім беретін орта мектептерде,

басымдықты түрде-ауылдық мектептерде, компьютерлік сыныптарды жабдықтауды

және орнатуды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

     Премьер-Министрі


     Оқығандар:

              Омарбекова А.Т.

              Орынбекова Д.Қ.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады