Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі "Қазвоенторгснабсбыт" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ мемлекеттік меншік құқығы субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын орган болып белгіленсін.
2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
"Қазвоенторгснабсбыт" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына қосымшаға
сәйкес еншілес мемлекеттік кәсіпорындар құруға рұқсат етілсін.
3. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі осы қаулыдан
туындайтын шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 11 ақпандағы
N 206 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің
"Қазвоенторгснабсбыт" республикалық мемлекеттік
кәсіпорыны еншілес кәсіпорындарының
Тізбесі
1. 225 әскери сауда қалалық үлгідегі Гвардейский поселкесі
2. 274 әскери сауда қалалық үлгідегі Сарыөзек поселкесі
3. 448 әскери сауда Үшарал қаласы
4. 200 әскери сауда Астана қаласы
5. 201 әскери сауда Семей қаласы
6. Орталық тұрмыстық Алматы қаласы
қызмет көрсету комбинаты
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Қасымбеков Б.А.