Қазақстан Республикасында бағалы қағаздар рыногын тұрақтандыру жөніндегі шаралар туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 11 ақпан N 207

      Бағалы қағаздардың өтімділігін қолдау және инвесторлардың елдің қор рыногындағы қызметінің тартымдылығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қосымшаға сәйкес облыстардың әкімдері 10 күн мерзімде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігіне жергілікті атқарушы органдардың салық төлеушілерге бағалы қағаздармен операциялар бойынша қосылған құнға салынатын салыққа бағалы қағаздармен операциялар бойынша қосылған құнға салық жөнінде ұзартпа мерзім беру туралы өтініштерін тапсыруды қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кіріс министрлігі Қазақстан

 

Республикасының Қаржы министрлігімен келісім бойынша заңдарда белгіленген

тәртіппен жергілікті атқарушы органдардың өтініштерін алуына қарай қор

рыногының субъектілеріне үстіміздегі жылдың 1 қаңтары мен 1 маусымы

аралығындағы мерзімге бағалы қағаздармен операциялар бойынша қосылған

құнға салынатын салықты төлеу жөнінде ұзартпа мерзім берсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



                                                Қазақстан Республикасы

                                                Үкіметінің

                                                2000 жылғы 11 ақпандағы

                                                N 207 қаулысына

                                                       қосымша


                                                Қазақстан Республикасының

                                                Мемлекеттік кіріс

                                                министрлігіне



                              Өтініш



     Қазақстан Республикасы Президентінің "Салық және бюджетке төленетін

басқа да міндетті төлемдер туралы" заң күші бар Жарлығының 152-бабының

1-тармағына сәйкес ________________ облысының (қаласының)_______________

ауданының әкімі _____________________ ауданның аумағында тіркелген салық

төлеушілерге 2000 жылдың 1 қаңтарынан 1 маусымына дейін бағалы қағаздармен

операцияларға қосылған құнға салық төлеу жөнінде ұзартпа мерзім беруді

сұрайды.

     Қолы _______________

     Мөрі _______________ 

     Оқығандар:

              Омарбекова А.Т.

              Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады