Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясында Қырғыз Республикасының 1998 жылы қабылданған әскери қызметшілерін даярлау жөніндегі хаттамаға қол қою туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 14 ақпан N 233

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлігі арасындағы Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Әскери академиясында Қырғыз Республикасының 1998 жылы қабылданған әскери қызметшілерін даярлау жөніндегі хаттамаға (бұдан әрі - Хаттама) қол қоюға келісім берілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Қаржы

 

министрлігі Қырғыз Республикасының 1998 жылы қабылданған әскери

қызметшілерін оқытуды Қазақстан Республикасының заңдарында және Хаттамада

белгіленген тәртіпте мемлекеттік білім беру тапсырысы негізінде және

республикалық бюджетте жоғары білім беру үшін Қорғаныс министрлігіне

көзделген қаржы шегінде қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі


         Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен

      Қырғыз Республикасының Қорғаныс министрлiгі арасындағы

     Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің Әскери академиясында

          Қырғыз Республикасының 1998 жылы қабылданған

            әскери қызметшілерiн даярлау жөнiндегi

                         Хаттама


     Бұдан былай екеуi бiрге Тараптар деп аталатын, бұдан былай

"Қабылдаушы Тарап" деп аталатын Қазақстан Республикасының Қорғаныс

министрлiгi мен "Жiберушi Тарап" деп аталатын Қырғыз Республикасының

Қорғаныс министрлiгi,

     1997 жылғы 8 сәуiрдегi Қазақстан Республикасы мен Қырғыз Республикасы

арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы Шартты басшылыққа ала

отырып,

     әскери бiлiм беру саласындағы екi жақты ынтымақтастықты дамытуға ниет

бiлдiре отырып,

     төмендегiлер жөнiнде келiстi:


                        1-бап



 
       Қабылдаушы Тарап Жiберушi Тараптың жазбаша тапсырысына сәйкес Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң Әскери академиясында (бұдан былай Академия) 1998 жылы iрiктелiп алынған Қырғыз Республикасының әскери қызметшiлерiн күндiзгi оқу нысаны бойынша оқыту үшiн үш тыңдаушыны және он курсантты қабылдайды.
 
                         2-бап
 
      1. Қырғыз Республикасының Қарулы Күштерiнен "мотоатқыштар және танк әскерi командалық-штабтық жедел-тактикалық" мамандықтары бойынша үш тыңдаушыны күндiзгi оқу нысаны бойынша оқыту жөнiндегi шығыстар Қабылдаушы Тарапқа жүктеледi.
      Аталған шығыстардың iшiне:
      - оқытушы құраммен, оқу құралдарымен, оқу-сыныптық керек-жарақтармен, зертханалық жабдықтармен, қару-жарақпен, техникамен, оқ-дәрiлермен және практикалық оқытудың басқа да техникалық құралдарымен, сондай-ақ шығыс материалдарымен және оқу жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес оқу процесiне қажеттi басқа да жабдықтармен;
      - кiтапханалармен, оқу және спорт залдарымен, оқу процесiне қажеттi басқа ғимараттармен;
      - оқыту мақсаттарына, сондай-ақ оқып жүрген әскери қызметшiлердi оқыту пункттерiнен полигондарға және оқыту пункттерiне қайта тасымалдауға арналған көлiкпен;
      - Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерi әскери қызметшiлердiң тиiстi санаттары үшiн қолданылып жүрген нормалар бойынша техникамен жұмыс iстеуге арналған арнайы киiммен қамтамасыз ету шығыстары кiредi.
      2. Аталған әскери қызметшiлердi ұстау жөнiндегi шығыстар Жiберушi Тарапқа жүктеледi және оның iшiне:
      - Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерi үшiн белгiленген нормалар бойынша ақшалай үлес;
      - осы Хаттаманың 6-бабына сәйкес көлiк шығыстары;
      - Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерiнiң нормалары бойынша заттай үлес кiредi. Тыңдаушылар қатарындағы Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерiнiң әскери қызметшiлерi ұлттық әскери киiмдi киедi.
      3. Академияда көзделген мамандықтар бойынша және Жiберушi Тараптың жазбаша тапсырысына сәйкес Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерiнің он курсантын оқыту мен ұстау жөнiндегi шығыстар Жiберушi Тарапқа жүктеледi. Бұл ретте курсанттар Академия курсанттары үшiн белгiленген нормалар бойынша барлық үлес түрлерiмен қамтамасыз етiледi.
 
                          3-бап
 
      Қырғыз Республикасының әскери қызметшiлерiн оқыту Қазақстан Республикасы әскери қызметшiлерiнің тиiстi санаттары үшiн бекiтiлген бағдарламалар бойынша, Академиядағы оқыту жүргiзiлетiн тiлде жүзеге асырылатын болады.
      Академияда оқып жүрген Қырғыз Республикасы әскери қызметшiлерiнің тағылымдамасы оқу жоспарында көзделген мерзiмде Қырғыз Республикасы Қарулы Күштерiнің әскери бөлiмдерiнде жүргiзiлетiн болады.
      Қабылдаушы Тарап Жiберушi Тараптың алдын ала жазбаша өтiнiшi бойынша Жiберушi Тараптың офицерлер қатарындағы әскери қызметшiлерiн сырттай оқыту нысанына ауыстыру туралы мәселенi қарайды.
 
                         4-бап
 
      Тыңдаушылар қатарындағы Қырғыз Республикасының әскери қызметшiлерi, оның iшiнде олар оқуға отбасымен бiрге жiберiлген жағдайда, ақылы негiзде жатақханамен қамтамасыз етiледi. Тыңдаушыларға, оның iшiнде отбасымен тұруы үшiн жатақхана беру Қабылдаушы Тараптың мүмкiншiлiгiн ескере отырып, Жiберушi Тараптың жазбаша өтiнiмiне сәйкес жүзеге асырылатын болады.
      Курсанттар қатарындағы Қырғыз Республикасының әскери қызметшiлерi оқуға отбасынсыз жiберiледi және казармада тұратын болады.
      Қабылдаушы Тарап Академияда оқып жүрген әскери қызметшiлердiң отбасы мүшелерiн уақытша тiркеу туралы мәселенi қарайтын болады. Уақытша тiркеуге байланысты шығыстар оқып жүргендердiң өз қаражаты есебiнен жүргiзiлетiн болады.
 
                           5-бап
 
      Қырғыз Республикасының әскери қызметшiлерiне, сондай-ақ олармен бiрге тұратын олардың отбасы мүшелерiне Қабылдаушы Тараптың әскери-медициналық мекемелерiнде жедел және амбулаторлық жағынан ақысыз медициналық көмек көрсетiледi.
      Тексерiлудiң қымбат тұратын түрлерi мен стационарлық емдеу Қабылдаушы Тараптың әскери - медициналық мекемелерiнде акт төлеу арқылы жүзеге асырылатын болады.
 
                           6-бап
 
      Академияда оқып жүрген Қырғыз Республикасының әскери қызметшiлерiне жыл сайын: жазғы уақытта ұзақтығы 30 тәулiк, қысқы уақытта ұзақтығы 14 тәулiк кезектi демалыс берiлетiн болады.
      Академияда оқып жүрген Қырғыз Республикасының әскери қызметшiлерi мен олардың отбасы мүшелерiнiң демалысқа, тағылымдамаға баруға байланысты, сондай-ақ басқа негiздер жөнiндегi көлiк шығыстары төмендегiдей тәртiппен жүргiзiледi:
      Жiберушi Тарап өз есебiнен:
      - Академия тыңдаушылары мен олардың отбасы мүшелерiнiң көлiк шығыстарын;
      - курсанттар қатарындағы Қырғыз Республикасы әскери қызметшiлерiнiң жол ақысын, Қырғызстан аумағы шегiнде Бiшкек қаласынан тағылымдама немесе демалысын өткiзу орнына бару және қайту жолындағы, сондай-ақ Бiшкек қаласынан оқу орнына - Алматы қаласына дейiн олардың жүктерiн жеткiзудi қамтамасыз етедi.
 
                          7-бап
 
      Академияда оқып жүрген Қырғыз Республикасының әскери қызметшiлерi Қазақстан Республикасының заңдарын, өзге нормативтi құқықтық актiлердi, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнің Жарғыларын сақтауға тиiс және оқу процесін қамтамасыз етуге байланысты қызметке тартылатын болады.
      Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген негiздер бойынша Қырғыз Республикасының әскери қызметшiлерiн Академиядан шығаруды Жiберушi Тараптың келiсiмiнен кейiн Қабылдаушы Тарап жүзеге асыратын болады.
      Оқудан шығарылған курсанттар мен тыңдаушылар Қырғыз Республикасы Қорғаныс министрiнiң қарауына жiберiлетiн болады.
 
                         8-бап
 
      Қабылдаушы Тарап жазбаша өтiнiштi алған жағдайда Жiберушi Тараптың өкiлдерiне Академияда оқып жүрген немесе оқуды аяқтаған Қырғыз Республикасы әскери қызметшiлерiнің жұмыс дәптерлерiн, рефераттарын, диссертацияларын, дипломдық және басқа жұмыстарын беретiн болады.
 
                        9-бап
 
      Оқыту бағдарламасын талап етiлген көлемде меңгерген, емтихандарды тапсырған және диплом жобасын (жұмысын, тапсырмасын) қорғаған Қырғыз Республикасының әскери қызметшiлерiне алған мамандығына сәйкес бiлiктiлiк берiледi және белгiленген үлгiдегi дипломдар мен омырау белгiлерi тапсырылады.
 
                         10-бап
 
      Тараптар әскери кадрларды даярлау саласындағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында Қырғыз Республикасының әскери қызметшілерін Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің әскери-оқу орындарында даярлау тәртібі туралы Келiсiм-шарт жасасады.
 
                         11-бап
 
      Тараптар осы Хаттаманы түсiндiру мен қолдануға байланысты туындауы мүмкiн даулы мәселелердi келiссөздер мен консультациялар арқылы шешетiн болады.
      Тараптардың өзара келiсiмi бойынша осы Хаттамаға оның ажырамас бөлiгi болып табылатын қосымша Хаттамамен ресiмделетiн өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
 
                          12-бап
 
      Осы Келісім күшіне енуі үшін қажетті ішкі мемлекеттік процедураларды

 

орындағаны жөніндегі Тараптардың соңғы жазбаша ескерту берілген мерзімінен

бастап күшіне енеді.

     Осы Хаттама 1998 жылы іріктеліп алынған Қырғыз Республикасы әскери

қызметшілерінің Академиядағы оқу мерзіміне жасалады.


     ___________ _______ жылғы "___"_____ екі түпнұсқа данада, әрқайсысы

қазақ, қырғыз және орыс тілдерінде жасалды, сондай-ақ барлық мәтіндердің

күші бірдей.

     Осы Хаттаманы түсіндіру кезінде пікір алшақтығы туындаған жағдайда,

Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алатын болады.


     Қазақстан Республикасының         Қырғыз Республикасының

        Қорғаныс министрлігі             Қорғаныс министрлігі

             үшін                             үшін



     Оқығандар:

              Омарбекова А.Т.

              Қасымбеков Б.А.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады