Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 14 ақпан N 235

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1999 жылғы 22 қазанда Астана қаласында қол қойылған Қазақстан Республикасы Үкіметі мен Әзірбайжан Республикасы Үкіметі арасындағы авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі 

  Қазақстан Республикасы Yкіметi мен Әзірбайжан Республикасы Yкiметi арасындағы авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы ынтымақтастық туралы
Келісім *  

     (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 2, 18-құжат)
   (2000 жылғы 31 наурызда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., 
        Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 92 бет) 

(Келісім 2000 жылғы 31 наурызда күшіне енді - Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары бюллетені, 2004 ж., N 4, 22-құжат)

      Қазақстан Республикасы Yкiметi мен Әзірбайжан Республикасы Yкiметi, бұдан әрi Тараптар деп аталып, екi мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың тарихи қалыптасқанын ескере келе, 
      ғылыми және мәдени ынтымақтастық пен қарым-қатынастар халықтар арасындағы өзара түсiнiстiктi арттыруға көмектеседi, сондай-ақ, мемлекеттер арасындағы байланыстарды нығайтуға әсер етедi деген сенiммен, 
      ғылым, әдебиет және өнер туындыларын пайдалану арқылы мәдени құндылықтармен өзара алмасу саласын одан әрi кеңейтудi мақсат ете отырып, 
      ұлттық мәдени әлеуеттiлiктi қалыптастыруда, халықаралық мәдени алмасуда, сондай-ақ, тең құқылы мемлекетаралық сауда экономикалық және ғылыми техникалық қатынастарды дамытуда авторлық құқық және сабақтас құқықтардың қазiргi таңдағы ролiн ескерiп, 
      осы мақсатта авторлар мен сабақтас құқықтар иелерiнiң құқығын қорғау үшiн өзара тиiмдi жағдай туғызу қажеттігін сезiнiп, 
      1952 жылғы 6 қыркүйектегi авторлық құқық жөнiндегi Дүниежүзiлiк Конвенцияның және 1993 жылғы 24 қыркүйектегі, екi Тарапта осыған қатысушы болып табылатын, авторлық құқық және сабақтас құқықтар саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiмнiң ережелерiн ескере отырып 
      Төмендегiлер туралы келiстi:

  1-бап 

      Тараптардың әрқайсысы өзге Тараптың жеке заңды тұлғаларына және олардың заңды мұрагерлерiне тиiстi туындылар мен сабақтас құқық нысандарына қатысты, олардың алғашқы жарияланған орнына қарамастан, авторлық құқық пен сабақтас құқықтарын мойындайды және осы құқықтардың қорғалуын iшкi заңдар арқылы өзiнiң жеке және заңды тұлғалары үшiн жасалған негiзде, сондай құқық қорғау тәсiлдерiмен, сол негiзде және сол көлемде қамтамасыз етедi.

  2-бап

      Тараптар ғылым, әдебиет және өнер туындыларын пайдалану және қорғау құқығы саласындағы ынтымақтастықты жүзеге асырады және өзара тиiмдiлiк пен теңдiк негізiнде осы Келiсiмге және өздерi қатысушы болған немесе болатын басқа халықаралық келiсiм-шарттарға сәйкес дамытады.

  3-бап

      Тараптар өз аумағында екiншi Тараптың азаматтары мен заңды тұлғалары жасаған ғылым, әдебиет және өнер туындыларын пайдалануын қоштайды.

  4-бап

      Тараптардың ынтымақтастығы:
      авторлық құқық пен сабақтас құқық нысандарын пайдалану және қорғаумен байланысты мәселелердi реттеуге;
      ақпарат, нормативтiк және басқа да құжаттармен, сондай-ақ авторлық құқық пен сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы мамандармен және жұмыс тәжiрибесiмен алмасуға бағытталады. 

  5-бап 

      Тараптар 1973 жылғы 27 мамырға дейiн құрылған (авторлық құқық туралы Дүниежүзiлiк Конвенциясына бұрынғы КСРО-ның қосылу мерзiмi) екiншi Тараптың азаматтарының жасаған туындыларына немесе туындыларға иелiк құқықтарына, егер осы мерзiмге дейiн Тараптардың аумағында немесе басқа аумақтарда жарық көрмеген жағдайда, оларға қатысты 1952 жылғы 6 қыркүйекте қабылданған авторлық құқық туралы Дүниежүзiлiк Конвенциясын қолданады. 
      Ал, егер бұндай туындылар Келiсiм күшiне енгенше екiншi Тараптың аумағында қорғалмайтын туынды ретiнде жарық көрген болса, олар бұл Келiсiм күшiне енгеннен кейiн де көрсетiлген аумақтарда қорғалмайтын болып есептеледi. Бұл арада жарық көру түсiнiгiне 1952 жылғы 6 қыркүйекте қабылданған авторлық құқық туралы Дүниежүзiлiк Конвенцияның YI бабына сәйкес айқындама берiледi. 

  6-бап 

      Бесiншi бапта көрсетiлген туындылар авторлық құқық қорғау мерзiм бiтпеген жағдайда да, олардың пайдалануы осы Келiсiм күшiне енгеннен кейiн де бұл Келiсiмнiң құзырында болады.

  7-бап 

      1993 жылы 24 қыркүйекте Москва қаласында қол қойылған авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы ынтымақтастық туралы Келiсiмге сәйкес Тараптар бұдан былай да авторлық құқықтарды қорғауды, әдеби және көркем туындыларды қорғау туралы Берн Конвенциясы, фонограмма өндiрушiлерiн, олардың фонограммаларын рұқсатсыз қайта шығарудан қорғау туралы Женева Конвенциясы, әртiс орындаушылардың, фонограмма өндiрушiлерiнiң, теле-, радиохабар тарату ұйымдарының құқықтарын қорғау туралы Рим Конвенциясының талаптары деңгейiнде қамтамасыз ететiн заңдарды қабылдау қажеттiгiн растайды.

  8-бап  

      Осы Келiсiмнiң 5 бабын қолданумен байланысты барлық төлемдер мен есептеулер Тараптардың әрқайсысының күшi бар заңдарына сәйкес еркiн айналыстағы валюта арқылы iске асырылады, бiрақ, тиiстi құқық иесiнiң тiлегi бойынша төлемдер мен есептеулер төлем жасап отырған Келiсiмге қатысушы Тараптың ұлттық валютасында да жасалуы мүмкiн.

  9-бап

      Тараптар бiрiн бірi осы Келiсiмдi нақты қолдану үшiн маңызы бар, өз мемлекеттерiнiң заңдары мен басқа нормативтiк актiлерi туралы хабардар етiп отырады.

  10-бап

      Авторлық құқықтардың пайда болуы, маңызы мен тоқтатылуы, олардың қолданылуы, немесе бұзылуы қай Тараптың аумағында орын алған жағдайда сол елдiң заңдары бойынша анықталуға тиiс.

  11-бап

      Осы Келiсiмдi iске асыру барысында Тараптардың бiр бiрiне жолдаған барлық құжаттары орыс тiлiндегі аудармасымен мемлекеттiк тiлде табыс етiледi.

  12-бап

      Осы Келiсiмдi жүзеге асыру үшiн:
      Қазақстан Республикасында - Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрлiгiнiң Авторлық құқықтар жөнiндегi комитетi жауапты болып табылады.
      Әзірбайжан Республикасында - Әзірбайжан Республикасының авторлық құқықтар жөнiндегi Агенттiгi (Әз. Р АҚА).
      Тиiстi органдардың ынтымақтастығының тәртiбi мен шарттары олардың өзара арнайы келiсiмдерiмен анықталады.

  13-бап

      Осы Келiсiмнiң мәселелерiне байланысты немесе оның орындалуы бойынша келiспеушiлiк болған жағдайда, Тараптардың өкiлдерi тиiстi кеңес өткiзiп бұл келiспеушiлiктердi реттеу үшiн қажеттi қызмет атқарады.

  14-бап

      Осы Келiсiм Тараптардың авторлық құқық және сабақтас құқықтарды қорғау саласындағы басқа мемлекеттермен екi жақты және көп жақты ынтымақтастығына кедергi жасамайды.

  15-бап  

      Осы Келiсiм күшiне ену үшiн iшкi мемлекеттiк ресiмдердiң орындалуы жөнiндегi Тараптардың соңғы жазбаша ескерту берiлген мерзiмiнен бастап күшiне енедi және бес жыл бойына күшiнде болады.
      Егер Тараптардың бiрi Келiсiмнiң күшiн тоқтату туралы өз шешiмiн оның мерзiмi аяқталудан алты ай бұрын жазбаша түрде екiншi Тарапты ескертпесе, Келiсiмнiң күшi өз-өзiнен келесi бесжылдық мерзiмге ұзартылады.
      1999 жылғы 22 қазанда Астана қаласында қазақ, әзірбайжан, орыс тiлдерiнде әрқайсысы түпнұсқалық екi данадан жасалды, барлық мәтiндердiң күшi бiрдей.
      Осы Келiсiмнiң қағидаларына түсiнiк беру мақсатында орыс тiлiндегі мәтiн пайдаланылады.

       Қазақстан Республикасының         Әзірбайжан Республикасының
      Үкіметі үшін                      Үкіметі үшін

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады