"Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейі" мемлекеттік мекемесін құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің ҚАУЛЫСЫ 2000 жылғы 22 ақпан N 275

      Астана қаласының мәдениет объектілерін дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының мемлекеттік музейі" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Музей) құрылсын.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі заңдарда белгіленген тәртіппен:
      1) Музейдің жарғысын бекітсін және оны әділет органдарында тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) 2000 жылы экспозицияларды көркем ресімдеу және музей кешенін экспонаттармен, кітап қорымен, жабдықпен, музыкалық аспаптармен жарақтандыру жөніндегі жұмыстарды жүзеге асырсын;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары, облыстардың, Алматы және Астана қалаларының әкімдері үш ай мерзімде уәкілетті органның ұсыныстары бойынша Музейдің экспозициялары мен қорларын бірегей музейлік заттармен, бейнелеу және сәндік-қолданбалы өнер туындыларымен, бағалы кітаптармен және қолжазбалармен қалыптастыруда қажетті көмек көрсетуді қамтамасыз етсін.
      4. Музейді қаржыландыру республикалық бюджетте 41 "Республикалық деңгейде тарихи-мәдени құндылықтарды сақтау" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне көзделген қаражаттың есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
      5. <*>
      Ескерту. 5-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2003.11.24. N 1172 қаулысымен .
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.    

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады