Республикалық бюджет қаражаты есебiнен республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң ережесiн бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 29 ақпандағы N 326 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 4 желтоқсандағы N 2016 Қаулысымен.

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.12.04 N 2016 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Қаулысымен.

      Республика азаматтарын шетелде емдеуге бөлiнетiн бюджет қаражатын жұмсауды ретке келтiру мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      Ескерту. Кіріспе өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1206 қаулысымен.

      1. Қоса берiлiп отырған Республикалық бюджет қаражаты есебiнен республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң ережесi бекiтiлсiн.
      Ескерту. Тақырыпқа және 1-тармақ өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1206 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау iсi жөнiндегi агенттiгi бiр ай мерзiмде Республика азаматтарын шетелге емделуге жiберу жөнiндегi комиссия туралы ереженi әзiрлесiн және бекiтсiн.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы      
Yкiметiнiң            
2000 жылғы 29 ақпандағы      
N 326 қаулысымен          
бекiтiлген              

Республикалық бюджет қаражаты есебiнен республика
азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң ережесi

      Ескерту. Тақырыпқа өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1206 қаулысымен.

      1. Шетелдiк медициналық ұйымдарға емделуге жiберуге, оларға қатысты тегiн медициналық көмектiң кепiлдендiрiлген көлемi шеңберiнде Қазақстан Республикасының емдеу-алдын алу ұйымдарында оң емдеу нәтижесi алынбаған емдеудiң барлық қолдануға рұқсат етiлген әдiстерi пайдаланылған, ал шетелдiк медициналық ұйымдарда оларға Қазақстан Республикасында қолданылмайтын қосымша немесе жаңа мамандандырылған медициналық әдiстер қолданылуы мүмкiн уәкілеттi орган бекіткен аурулар тiзбесiне енгiзілген аурулардан зардап шегушi азаматтар жатады.
      Ескерту. 1-тармақ өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1206 қаулысымен.

      2. Қазақстан Республикасының, азаматтардың денсаулығын сақтау саласына басшылықты жүзеге асыратын және "Науқас адамдарды шетелде емдеу" республикалық бюджеттiк бағдарламасының әкiмшiсi болып табылатын, уәкiлеттi орталық органы (бұдан әрi - уәкiлеттi орган) республика азаматтарын шетелдiк медициналық ұйымдарға емделуге жiберу жөнiндегi тұрақты жұмыс iстейтiн комиссия (бұдан әрi - комиссия) құрады.

      3. Комиссия өз қызметiн, осы Ереже мен уәкiлеттi орган бекiткен, Республика азаматтарын шетелдiк медициналық ұйымдарға емделуге жiберу жөнiндегi комиссия туралы ережеге сәйкес жүргiзедi.

      4. Комиссия азаматтардың өтiнiштерiн мынадай құжаттардың:
      1) аумақтық денсаулық сақтау органының шетелдiк медициналық ұйымдарға емдеуге жiберу туралы өтiнiшiнiң;
      2) республикалық мамандандырылған медициналық ұйымдардың қорытындысының;
      3) негiзгi және қосымша ауруларды, диагностикалық зерттеулердiң нәтижелерiн, жүргiзiлген емдеу курсын көрсету арқылы ауру тарихынан егжей-тегжейлi көшiрменiң;
      4) денсаулық сақтаудың жергiлiктi аумақтық органдарының бас бейiндiк мамандары қорытындысының;
      5) уәкiлеттi органның бейiндiк штаттан тыс бас мамандары қорытындысының негiзiнде қарайды.
      Егер жоғарыда көрсетiлген құжаттардың бiреуi болмаса, комиссия құжаттарды қарауға қабылдамайды.
      Ескерту. 4-тармақ өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1206 қаулысымен.

      5. Комиссияға құжаттар мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде екi данада ұсынылады.

      6. Осы Ереженiң 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттардың негiзiнде комиссия республика азаматтарын шетелге емделуге жiберудiң орындылығын құжаттар түскен күннен бастап 7 күннiң iшiнде анықтайды.
       Комиссия, сондай-ақ науқасты алып жүретiн адам болуының негiздiлiгiн, науқас пен оны алып жүретiн адамның жол жүру қаражатын қарастырады.
      Ескерту. 6-тармақ абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.14 N 1206 қаулысымен.

      7. Комиссия өзiнiң шығарған шешiмi туралы өтiнiш берушiге жазбаша хабар бередi. Хабар мен комиссия қорытындысының үлгiлерiн уәкiлеттi орган белгiлейдi.
      Комиссияның белгiленген үлгiдегi қорытындысының негiзiнде уәкiлеттi орган мен шетелдiк медициналық ұйым арасында ақылы медициналық қызметтер көрсету туралы шарт (бұдан әрi - шарт) жасалады.
      Ескерту. 6-тармақ абзацпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 2002.11.14 N 1206 қаулысымен.

      8. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1206 қаулысымен.

      9. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1206 қаулысымен.

      10. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1206   қаулысымен.

      11. "Ауруларды шетелде емдеу" республикалық бюджеттiк бағдарламасын қаржыландыру бюджет заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
      Ескерту. 11-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1206 қаулысымен.

      12. Уәкiлетті орган аумақтық Қазынашылық органына белгiленген тәртiппен мынадай құжаттар:
      1) комиссияның қорытындысын;
      2) шарттың көшiрмесiн ұсынады.
      Ескерту. 12-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.11.14 N 1206 қаулысымен.

      13. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.11.14 N 1206 қаулысымен.

      14. Комиссия ақшалай қаражат бөлгеннен кейiн азаматқа үш жұмыс күнiнiң iшiнде шетелдiк медициналық ұйымда емдеуге қабылданған шешiм туралы және заңдарда белгiленген тәртiппен шетелге шығуға рұқсатты ресiмдеу қажеттiгi түралы жазбаша хабарлайды.
      Ескерту. 14-тармақ өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.14 N 1206 қаулысымен.

      15. Алынып тасталды - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1206   қаулысымен.

      16. Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi шетелге емделуге жiберiлген республика азаматтарының баруға және келуге арналған визалық құжаттарын ресiмдеуге жәрдем көрсетедi.

      17. Уәкiлеттi орган белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Қаржы министрлiгi бөлген ақшалай қаражатты конвертациялайды және оны шетелдiк медициналық ұйымға аударады.

      18. Шетелдiк медициналық ұйымда емдеуден өткен Қазақстан Республикасының азаматтары немесе оларды алып жүрген адамдар аумақтық денсаулық сақтау органдарына мынадай құжаттарды:
      1) жүргiзiлген емдеудiң құнын растайтын құжаттарды;
      2) шетелдiк медициналық ұйымның науқасты емдеудiң онан арғы тактикасы жөнiндегi ұсынымымен бiрге ауру тарихынан көшiрменi;
      3) егер емделуге жол жүрудi қаржыландыру мемлекеттiк бюджеттен жүзеге асырылатын болса, жол жүру құжаттарын ұсынады.
     Науқас қайтыс болған жағдайда, оны алып жүрген адам немесе жақын туыстары болмаған кезде, жоғарыда көрсетiлген құжаттарды уәкiлеттi органның сұратуы бойынша Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрлiгi жiбередi.
     Ескерту. 18-тармақ өзгерту енгізілді - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1206 қаулысымен.

      19. Аумақтық денсаулық сақтау органдары осы Ереженiң 18-тармағында көрсетiлген құжаттарды науқасты шығарған сәттен бастап 1 ай iшiнде шетелдiк медициналық ұйымда жүргiзiлетiн емдеудiң нәтижелерi туралы хаттаманы ресiмдеу үшiн комиссияға ұсынады.
      Ескерту. 19-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 2002.11.14. N 1206 қаулысымен.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады