2000 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 21 наурыз N 416

       2000 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру, балалардың бақылаусыз қалуының, тәртіп бұзушылығының және қылмыс жасауының алдын алу, қауіпсіздігін нығайту және шығармашылық дамуы үшін қажетті жағдай жасау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі:
      1) жергілікті бюджеттерде балалармен мәдени іс-шаралар жүргізуге көзделген қаражаттың, сондай-ақ демеушілік және қайырымдылық көмектерді тартудың есебінен 2000 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастырсын және жүргізсін;
      2) облыстардың, қалалардың және аудандардың ерекшеліктерін, экономикалық жағдайларын, ата-аналар мен балалардың ұйымдасқан демалысқа сұраныстарын ескере отырып, 2000 жылдың жазғы кезеңінде балалар мен жасөспірімдердің демалысының, оларды сауықтырудың және жұмыспен қамтудың бағдарламаларын әзірлесін және бекітсін;
      3) балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтыруды және жұмыспен қамтуды ұйымдастыру жөніндегі облыстық, қалалық және аудандық комиссиялар құрсын;
      4) барлық лагерьлер мен демалыс орындарының есебін алуды жүргізсін, бос және иесіз лагерьлердің болуына жол бермей, олардың толық пайдаланылуына шаралар қабылдасын;
      5) бірінші кезекті тәртіппен жетім балалардың, ата-аналарының қарауынсыз қалған балалардың, аз қамтамасыз етілген, көп балалы, толық емес отбасылардан және жұмыссыздардың отбасыларынан балалардың, экологиялық қолайсыз аудандарда тұратын балалардың, мүгедек балалардың демалысын және сауықтыруды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін;
      6) күндіз болатын мектеп жанындағы лагерьлерді, мектептен тыс мекемелер жанындағы лагерьлерді, стационарлық және мектеп жанындағы лагерьлерді, еңбек және демалыс лагерьлерін, мектеп орманшылығын ұйымдастырсын;
      7) каникул кезеңінде жасөспірімдерді жұмыспен қамтуды және заңдарға сәйкес олар үшін жеңіл еңбек бойынша жұмыс орындарын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдансын;
      8) балалар мен жасөспірімдер күндіз болатын сауықтыру лагерьлерінің жүйесін дамытуға жәрдемдессін;
      9) жазғы каникул кезеңінде барлық мектептен тыс ұйымдардың балалармен жұмыс істеуін қамтамасыз етсін;
      10) балалардың сауықтыру ұйымдарында өртке қарсы қауіпсіздікті сақтауды қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі:
      1) мәдениет ұйымдарының жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, оларды сауықтыруды және жұмыспен қамтуды жүргізуге қатысуын қамтамасыз етсін;
      2) бұқаралық ақпарат құралдарында балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысы, сауықтыру және жұмыспен қамту мәселелерін жариялап тұрсын.
      3. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі:
      1) балалардың сауықтыру ұйымдарында балаларды тасымалдау қауіпсіздігін сақтауды және қоғамдық тәртіпті сақтауды қамтамасыз етсін;
      2) жазғы каникул кезеңінде жолдар мен көшелерде балалардың жарақат алуын төмендететін алдын алу шараларын көздесін.
      4. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі жазғы каникул кезеңінде:
      1) спорт ұйымдарының балалармен және жасөспірімдермен жұмысқа қатысуын қамтамасыз етсін;
      2) балалар мен жасөспірімдер үшін спорттық-бұқаралық, сауықтыру іс-шараларын ұйымдастырсын.
      5. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі:
      1) балалардың сауықтыру ұйымдары орналасқан жерлерде

 

санитарлық-эпидемиологиялық саулықты қадағалаудың тиісті деңгейін

қамтамасыз етсін;

     2) балалардың сауықтыру ұйымдарында медициналық қызмет көрсетуді

бақылауды қамтамасыз етсін.

     6. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі

балалардың сауықтыру ұйымдарында өртке қарсы қауіпсіздікті қамтамасыз

етуге жәрдем көрсетсін.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



      Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Қасымбеков Б.А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады