Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. 1999 жылдың 16 желтоқсанында Душанбе қаласында жасалған Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы келісім бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап іске қосылады. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы әскери-техникалық ынтымақтастық туралы Келісім (ҚР халықаралық шарттары бюллетені, 2001 ж., N 6, 55-құжат) (2000 жылғы 29 тамызда күшіне енді - "Дипломатия жаршысы" ж., Арнайы шығарылым N 2, 2000 жылғы қыркүйек, 94 бет) Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Тәжікстан Республикасының Үкіметі арасындағы әскери саладағы ынтымақтастық туралы Келісімнің ережелерін басшылаққа ала отырып; әскери-техникалық саладағы ынтымақтастықты дамыту мақсатында, төмендегілерге келісті: 1-бап Тараптар мынадай мәселелердің шешілуіне ықпал етіседі: - Тараптар әскерлерін материалдық-техникалық және тылдық қамтамасыз етуге; - қару-жарақты, техниканы және материалдық жабдықтарды өзара жеткізуге; - әскери мақсаттағы өнімдер өндірісінің байланыстарын кооперациялауға; - қару-жарақ пен әскери техниканы пайдалануға, жетілдіруге, жөндеуге, қайта ұқсастуға және жоюға; - ұзақ мерзімді өндірістік-шаруашылық байланыстар мен тікелей келісім-шарттарды қамтамасыз етуге; - әскери-техникалық кадрлар мен мамандарды даярлауға және қайта даярлауға. 2-бап Осы Келісімнің ережелерін жүзеге асыру жөніндегі жауапкершілік: Қазақстан Республикасы тарапынан Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне; Тәжікстан Республикасы тарапынан Тәжікстан Республикасының Қорғаныс министрлігіне жүктеледі. 3-бап Тараптар әскери өнімдердің маңызды түрлерін жеткізу мен дайындауды мемлекеттік реттеуді және өзара жеткізу жөніндегі келісім-шарттарды жүзеге асырады. 4-бап
Қару-жарақтың, әскери арнаулы техниканың, сондай-ақ Тараптардың қорғаныс әлеуеттерінің қажетті деңгейін қамтамасыз ететін арнаулы жабдықтардың тиімділігі жоғары жүйесін құру мақсатында Тараптар өнеркәсібі қорғаныстық салалар кооперациясын қалпына келтіру және дамыту бағдарламалары мен жоспарларын бірлесіп дайындау мен жүзеге асыруды жүргізеді.
5-бап
Тараптар қалыптасқан өндірістік байланыстарды дамытудың жалпы мүддесіндегі келісімді жоспарлар мен бағалар бойынша Тараптардың қорғаныс кәсіпорындарында қару-жарақ, техника, әскери-техникалық мүлік жөндеуді және дайындауды іске асырады.
6-бап
Ұлттық заңдылықтарға сәйкес Тараптар мыналарға ықпал жасайды:
- қару-жарақ пен әскери техниканың, әскери арнаулы бағыттағы
өнімдердің экспорты мен импортын қамтамасыз етуге; - тараптардың саяси, экономикалық, әскери-стратегиялық және әскери-техникалық мүдделерін ескере отырып, қару-жарақ пен әскери техниканы саудалаудың халықаралық қағидаттарына сәйкес бағыттағы қызметтер көрсетуге. 7-бап Тараптар қару-жарақ пен әскери техниканы стандарттау мен жүйелеу, Тараптардың қарулы күштерін метрологиялық қамтамасыз ету салаларында бірлесіп әрекет етеді. 8-бап
Тараптар үлестік қатысу мен өзара мүдделілік, сондай-ақ
кәсіпорындардың ғылыми-экспериментальдық, сынақ және өндірістік базаларын дамыту негізінде ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар бойынша ынтымақтасады. 9-бап Тараптар пайдалануларындағы қару-жарақ пен техника үлгілері, сондай-ақ әскери-техникалық ынтымақтастық саласындағы мемлекетаралық қарым-қатынасты реттейтін қабылданған құжаттар бойынша ақпараттарды тиісінші алмасуды жүзеге асырады. 10-бап Тараптар ғылыми, технологиялық және конструкторлық құжаттардың қауіпсіздігі мен қорғалуын қамтамасыз етеді. 11-бап Тараптар тиісті келісім-шарттар жасасу арқылы жұмылдыру куаттарын сақтау мен дамытуға байланысты шараларды үйлестіруді қамтамасыз етеді. 12-бап
Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру немесе қолдану бойынша дау туындаған жағдайда Тараптар оларды келіссөздер жүргізу жолымен шешеді.
Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар жеке хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылады.
13-бап
Осы Келісім Тараптардың оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетшілік
процедураларды орындағандары туралы соңғы хабар жеткен күннен бастап күшіне енеді. Осы Келісім бес жыл мерзімге жасалады, ал одан кейін егер кезекті бес жылдық мерзім аяқталуға алты ай қалған мерзім ішінде Тараптардың ешқайсысы оның қызметін тоқтату туралы ниеті барын мәлімдемесе, онда ол кезекті бесжылдық мерзімдерге өздігінен ұзартылады. 1999 жылғы 16 желтоқсанда Душанбе қаласында әрқайсысы қазақ, тәжік және орыс тілдерінде екі дана етіп жасалды, және барлық мәтіндердің бірдей күші бар. Осы Келісім ережелерінің оқылуында әртүрлілік туындаған жағдайда Тараптар орыс тіліндегі мәтінді басшылыққа алады. Казақстан Республикасының Тәжікістан Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Мамандар: Қобдалиева Н.М. Қасымбеков Б.А.