1. "Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы ереженi бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1998 жылғы 4 желтоқсандағы N 1242 P981242_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж., N 45, 409-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыру туралы ережеде:
кiрiспедегi "азаматтар," деген сөздiң алдынан "жұмыссыз" деген сөзбен толықтырылсын;
2-тармақтың екiншi абзацы алынып тасталсын;
3-тармақтағы "Қоғамдық" деген сөздiң алдынан "Коммуналдық меншiктегi ұйымдардағы" деген сөздермен толықтырылсын;
4-тармақта "қолы бос халықты және белгiленген тәртiппен жұмыссыздық
мәртебесiн алған азаматтарды" деген сөздер "жұмыссыз азаматтарды" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақта: 1), 2), 8), 9), 11), 14), 15), 17), 18), 19), 20), 21), 22), 23), 24), 25), 26), 27), 28) тармақшалар алынып тасталсын; 4) тармақша "сондай-ақ осы жұмыстар үшiн қажеттi құрылыс тастарын, қиыршық тастарды, құм, қамыс тақталарын дайындау" деген сөздермен толықтырылсын; 16) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "16) қосалқы шаруашылықтары бар коммуналдық меншiктегi ұйымдарда мал семiрту, мал төлiн жетілдiру, мал бағу және күзету, мал азығын дайындау және онымен мал шаруашылығын қамтамасыз ету жөнiндегi маусымдық қысқа мерзiмдi алаңдар мен жазғы лагерьлер, суда жүзетiн құстарды өсiру жөнiндегi пункттер;"; мынадай мазмұндағы 16-1) тармақшамен толықтырылсын: "16-1) жұмыстың басқа да түрлерi;"; 10-тармақ алынып тасталсын; 11-тармақтағы "Азаматтар" деген сөздiң алдынан "Жұмыссыз" деген сөзбен толықтырылсын; 12,13-тармақтар алынып тасталсын; 14-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: 14."Қоғамдық жұмыстарды қаржыландыру жергiлiктi бюджеттiң қаражаты есебiнен жүргiзiледi."; 15-тармақтағы "сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан, басқа да ұйымдарда" деген сөздер алынып тасталсын: 16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "16. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын жұмыссыздардың еңбегiне ақы төлеу заң актiлерiнде белгiленген ең төмен айлық жалақыдан кем емес мөлшерде белгiленедi"; 17-тармақ алынып тасталсын; мына мазмұндағы 17-1 тармақпен толықтырылсын: "17-1. Қоғамдық жұмыстармен айналысатын жұмыссыздардың еңбегiне ақы төлеудiң тәртiбiн жергiлiктi атқарушы органдар белгiлейдi"; 19,20-тармақтар алынып тасталсын; 21-тармақта: 1) тармақшадағы "азаматтардың" деген сөздiң алдынан "жұмыссыз" деген сөзбен толықтырылсын; 2), 2-1), 4) тармақшалар алынып тасталсын. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.