Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң қаулысы 2000 жылғы 29 наурыз N 456

      Мемлекеттiк кәсiпорындар мен мекемелердiң, мемлекеттiң үлестiк қатысуымен шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмiн жүргiзу жүйесiнiң тұтастығын сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгізiлсiн:
      1) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен;
      2) "Ақпарат алмасуды қамтамасыз ету және мемлекеттiк меншiк жөнiндегi деректердiң ақпараттық базасын жүргізу жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 21 наурыздағы N 246 P980246_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 9, 61-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Мемлекеттiк кәсіпорындар мен мекемелердiң, мемлекет үлестiк қатысатын шаруашылық серiктестiктерiнiң тiзiлiмi туралы ережеде:
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Тiзілім ұстаушы мемлекетке тиесілi бағалы қағаздардың бастапқы ұстаушысы болып табылады.";
      3) "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас есептеу орталығы" және "Ақпараттық-есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорындарын қайта атау туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 9 шiлдедегi N 951 P990951_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 ж., N 34, 303-құжат):
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын қайта атау туралы";
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Бас есептеу орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (шаруашылық жүргiзу құқығында) "Қаржы жүйелерiн ақпараттандыру орталығы" (ҚЖАО) (шаруашылық жүргiзу құқығында) (бұдан әрi - Кәсiпорын) болып қайта аталсын";
      2-тармақта:
      1) тармақшадағы "Кәсiпорындардың жарғыларына" деген сөздер "Кәсiпорынның жарғысына" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) тармақшадағы "Кәсiпорындарды" деген сөз "Кәсiпорынды" деген сөзбен ауыстырылсын.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасы
      Премьер-Министрінің
      бірінші орынбасары

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады