Абай атындағы мемлекеттік академиялық опера және балет театрының ғимаратын Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 4 сәуір N 499

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Алматы қаласы әкiмiнiң мына мекен-жай бойынша орналасқан: Алматы қаласы, Қабанбай батыр атындағы көше, 112-үй, Абай атындағы мемлекеттiк академиялық опера және балет театрының ғимаратын Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне беру туралы ұсынысына келiсiм берiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнің Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетiмен бiрлесiп Алматы қаласының әкiмiмен келiсiм бойынша заңдарда белгiленген тәртiппен Абай атындағы мемлекеттiк академиялық опера және балет театрының ұжымына аталған ғимараттағы үй-жайларды тегiн негiзде беру шартымен Алматы қаласының коммуналдық меншiгiне ғимаратты беру жөнiндегi қажеттi ұйымдастыру шараларын жүзеге асырсын.
      3. "Алматы қаласының аумағында орналасқан ұйымдар мен объектiлерге

 

қатысты мемлекеттiк меншiктiң түрлерi туралы" Қазақстан Республикасы

Үкiметiнiң 1998 жылғы 9 қарашадағы N 1141 


P981141_
 

  қаулысына (Қазақстан

Республикасының ПYАЖ-ы, 1998 ж; N 41, 371-құжат):

     1) көрсетiлген қаулыға 1-қосымша мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi

393-1-жолмен толықтырылсын:

     "393-1 Ғимарат Қабанбай батыр атындағы көше 112-үй"

     2) көрсетiлген қаулыға 3-қосымшадағы реттiк нөмiрi 421-жол алынып

тасталсын.

     3) Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады