Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1137 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 5 сәуір N 508. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 (алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 6 қарашадағы N 1137 P961137_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., N 40, 367-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекетке тиесілі акцияларды бағалы қағаздардың ұйымдастырылған рыногы арқылы сатудың ережесінде:
      1) мәтіндегі "Департамент", "Департаменттің" деген сөздер "Комитет", "Комитеттің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "5. Акцияларды сатудан алынған ақша заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.";
      3) 15, 23-тармақтардағы "Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөніндегі мемлекеттік комитетінің" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Инвестициялар жөніндегі агенттігінің" деген сөздермен ауыстырылсын;
      4) 29-тармақтағы "Қаржы министрлігіне" деген сөздер "Үкіметіне" деген сөзбен ауыстырылсын;
      5) 34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "34. Акцияларды сатудан алынған ақша заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады