Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерi үшiн өзара мүдделi саналатын құрылыс жобаларының мемлекетаралық сараптамасы туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 7 сәуір N 519


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 1999 жылдың 13 қаңтарында Саратов қаласында жасалған Тәуелсiз 
Мемлекеттер Достастығына катысушы мемлекеттерi үшiн өзара мүдделi 
саналатын құрылыс жобаларының мемлекетаралық сараптамасы туралы келісім 
бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
                  Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы 
               мемлекеттерi үшiн өзара мүдделi саналатын құрылыс 
                 жобаларының мемлекетаралық сараптамасы туралы 
                                 Келісім
     
                                                     ресми расталған мәтін
     
           


      Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы Келiсімге қатысушы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердi бiлдiретiн үкiметтер,
      Мемлекеттердiң әлеуметтiк-экономикалық даму саласындағы интеграциялық процестерге аса мән бере отырып,
      1993 жылғы 24 желтоқсандағы Инвестициялық саясат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң, 1997 жылғы 28 наурыздағы Инвестордың құқықтарын қорғау туралы конвенция, 1994 жылғы 9 қыркүйектегi Құрылыстық қызметтегi ынтымақтастық туралы келiсiмнiң және 1997 жылғы 9 қыркүйектегi Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының экономикалық интеграциялық даму тұжырымдамасы ережелерiнен шыға отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
                                    1-бап




      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн мына терминдер мыналарды бiлдiредi:
      мемлекеттiк сараптама құрылыс жобаларының Тараптар заңдарының талаптарына, азаматтардың, заңды тұлғалардың және мемлекеттiң заңмен қорғалатын құқықтары мен мүдделерiне нұқсанның алдын алу жағдайларына сәйкестiгiн белгiлеу мақсатында, сондай-ақ әлеуметтiк-экономикалық және табиғат қорғаушылық саясаттың сақталуы үшiн инвестициялық процестi мемлекеттiк реттеу кезеңi;
      мемлекетаралық сараптама белгiленген құрылыс жобаларының Тараптардың нормативтiк және құқықтық актiлерiнде ескерiлген шарттар мен талаптарға сәйкестiгiн белгiлеу мақсатында объектiнiң қаржыландыру көздерiне, меншiк нысанына және тиесiлiлiгiне қарамастан екi және одан да көп Тараптар үшiн мүдделi саналатын объектiнi жасауда инвестициялық процестi мемлекеттiк реттеу кезеңi, сараптау объектiсiн iске асыру кезiнде мүдделi Тараптар үшiн мүмкiн нұқсанды анықтау және алдын алуға қажеттi шаралар қолдану;
      құрылыс жобасы (сараптау объектісi) - екi және одан да кеп Тараптар үшiн мүдделi саналатын обобъектiнiьектiнi жобалау және салумен байланысты инвестицияларды негiздеу, техникалық-экономикалық негіздеу, жоба және құжаттамалардың басқа да түрлерін қоса алғанда кәсiпорынды, ғимаратты немесе құрылысты салудың (қайта жаңғырту, техникалық қайта жарақтау және басқалар) инвестициялық жобасы элементтерiнiң кез келгенi;
      сараптау органы - Тараптардың нормативтiк және құқықтық актiлерiне сәйкес құрылыс жобасының барлық бөлiгiне мемлекеттiк сараптаманы (кешендi сараптаманы) жүзеге асыруға Тарап уәкiлеттi еткен мемлекеттiк сараптау органы;
      базалық сараптау органы - мүдделi Тараптардың сараптаушы органдарының өкiлдерiнен және сараптауға тартылған өзге де сарапшылардан тұратын мемлекетаралық сарапшылар тобын құруын және жұмысын қамтамасыз ететін сараптау органы.
                                    2-бап




      Аумағында құрылыс жобасы жүзеге асырылатын Тарап оның мемлекетаралық сараптама жүргiзу туралы шешiмдi, соның iшiнде, мемлекеттiк сараптаманы жүргiзу Тарап қатысушысы болып табылатын халықаралық шарттарда көзделген жағдайлардан басқасында, мұндай сараптама жүргiзу туралы екiншi Тараптың жазбаша хаты болған кезде, өз бетiнше қабылдайды.
      Тараптардың аумағында құрылыс жобасын iске асыру кезiнде мемлекетаралық сараптау объектiсi мүдделi Тараптардың ортақ келiсiмiмен белгiленедi.
                                     3-бап




      Тараптар құрылыс жобасының мемлекетаралық сараптамасын ұйымдастыруды және жүргiзудi өздерiнiң сараптаушы органдары арқылы осы Келiсiмнiң ажыратылмайтын бөлiгі болып табылатын Құрылыс жобаларына мемлекетаралық сараптама жүргiзу тәртiбi туралы ережеге сәйкес қамтамасыз етедi.
                                     4-бап




      Мүдделi Тараптардың сараптаушы органдары халықаралық сараптаманың әрбiр объектiсi бойынша халықаралық сараптама тобын құрады. Бұл кезде Тараптар үшiн өзара мүдделi саналатын құрылыс жобасын iске асыру көзделген аумақ Тарабының органы сараптаушы органы болып табылады.
      Құрылыс жобасы екi және одан да көп Тарап аумағында iске асырылатын болса базалық сараптау органы мүдделi Тараптардың ортақ келiсiм бойынша белгіленедi.
                                      5-бап




      Осы Келiсiмнiң ережелерiн іске асыруды үйлестiру және бақылау әр

Тараптардың шешiмі бойынша Тараптардың құрылысты басқарудың орталық 
мемлекеттiк органдарына немесе Тараптардың басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк 
органдарына, сондай-ақ Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық 
комитетiне жыл сайын Келiсiмнiң орындалу барысы туралы баяндама берiп 
тұратын Құрылыстық қызметтегi ынтымақтастық туралы үкiметаралық кеңеске 
жүктеледi.
     
                                      6-бап
     
     Осы Келiсiм Тараптар қатысушы болып табылатын өзге де халықаралық 
шарттардың ережелерiн қозғамайды.
     
                                      7-бап
     


      Осы Келiсiмге Тараптардың ортақ келiсiмiмен Келiсiмнiң ажыратылмас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамамен ресiмделетiн, осы Келiсiмнiң 9-бабында көзделген тәртiппен күшiне енетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
                                      8-бап




      Осы Келiсiмдi қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулы мәселелер Тараптардың құрылысты басқарудың орталық мемлекеттiк органдарының консультациялары және келiссөздерi жолымен шешiлетiн болады.
      Келiссөздер жолымен даулы мәселелердi реттеу мүмкiн емес кезде

Тараптар Тәуелсiз мемлекеттер Достастығының Экономикалық Сотына немесе 
басқа да құзыреттi халықаралық сот орындарына жүгiнедi.
         
                                     9-бап
     
     Осы Келісім қол қойылған күнінен бастап, ал оның күшіне енуі үшiн 
заңдары мемлекет iшкi рәсiмдердi орындауды қажет ететiн мемлекеттер үшiн 
депозитарийге тиісті хабарлау тапсырылған күнiнен бастап күшiне енедi.
     
                                    10-бап
     
     Осы Келiсiм ол күшiне енген күнiнен бастап 5 жыл бойы қолдануда 
болады. Осы мерзiм өткеннен кейiн, егер Тараптар басқа шешім қабылдамаса, 
әр сайын бес жылдық кезеңге автоматты ұзартылып отырады.
     
                                    11-бап
     
     Әр Тарап депозитарийге 6 айдан кешiктiрмей алдын ала ресми
жазбаша хабарлау жiберiп, осы Келiсiмге өзінің қатысуын тоқтата немесе 
кiдiрте алады.
     
                                    12-бап
     
     Осы Келiсiм оның ережелерiне ортақтасатын өзге де мемлекеттердiң 
қосылуына депозитарийге осындай қосылу туралы құжаттар тапсыру жолымен 
ашық болады.
     
     1999 жылы 13 қаңтарда Саратов қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқалық 
данада жасалды. Түпнұсқалық дана осы Келiсiмге қол қойған әр мемлекетке 
оның расталған көшiрмесiн жiберетiн Тәуелсiз мемлекеттер Достастығының 
Атқарушы Хатшылығында сақтаулы.
     
Әзербайжан Республикасының                 Молдова Республикасының
Yкiметi үшiн                               Үкіметі үшін
 
Армения Республикасының                    Ресей Федерациясының
Yкiметi үшiн                               Үкіметі үшін
     
Беларусь Республикасының                   Тәжікстан Республикасының
Yкiметi үшiн                               Үкіметі үшін
     
Грузия Үкіметi үшiн                        Түрікменстан Үкіметі үшін
     
Қазақстан Республикасының                  Өзбекстан Республикасының
Yкiметi үшiн                               Үкіметі үшін
     
Қырғыз Республикасының                     Украина Үкіметі үшін
Үкiметi үшiн
     
Саратов 13.01.1999.


                                    Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына 

қатысушы мемлекеттерi үшiн өзара мүдделi саналатын құрылыс жобаларының мемлекетаралық сараптамасы туралы 1999 жылғы 13 қаңтардағы келісімге қосымша


                       Құрылыс жобаларының мемлекетаралық
                       сараптамасын жүргізу тәртiбi туралы
                                     ЕРЕЖЕ

                               I. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттерi үшiн өзара мүдделi саналатын құрылыс жобаларының мемлекетаралық сараптамасы туралы Келiсiмнiң (бұдан әрi - Келiсiм) ажыратылмас бөлiгi болып табылады және осы Келiсімге қатысушы мемлекеттер (бұдан әрi - Тараптар) аумағындағы Тараптардың сараптау органдары бiрлесiп жүзеге асыратын құрылыс жобаларының мемлекетаралық сараптамасын белгiлейдi.
      2. Ереже жобаларға мемлекеттiк сараптама жүргізудiң әр мемлекетте қолданылып жүрген тәртiбiн сақтай отырып, олардың нормативтiк және құқықтық актiлерiне сәйкес объектiлердiң құрылыс жобасына мемлекетаралық сараптама жүргізу кезiнде Тараптардың сараптау органдарының өзара қарым-қатынасын реттейдi.
      3. Мемлекетаралық сараптамаға екi және одан да көп Тараптардың мүддесiн қозғайтын мынадай объектiлердi:
      екi және одан да көп Тараптардың аумақтары арқылы өтетiн (труба құбырлары, автомобиль және темiр жолдар, көпiрлер, электр берiлiстiк желiлер) құрылыстар - желiлiк-созылған объектiлердi;
      қоршаған ортаға әсерлiк есептiк аймағы iргелес мемлекеттердiң шекарасын қиып өтетiн; Тараптардың бiреуiнiң аумағында салынып жатқан (металлургиялық, химиялық, мұнайхимиялық, кәсiпорындар, сушаруашылық, әуе көлiгi, радио коммуникациялық объектiлер және басқалары) объектiлер шекаралық объектiлердi;
      екi және одан да көп Тараптар инвесторларының қаражатымен салынып жатқан объектiлер - бiрлескен объектiлердi;
      бiр немесе өзге де бiрнеше Тараптардың қаражатымен Тараптардың бiреуiнің аумағында салынып жатқан объектiлердi жобалаумен және салумен байланысты инвестицияларды негiздеу, техникалық-экономикалық негіздеу, оларды әзірлеуге жобалар мен тапсырмалар, құжаттардың басқа да түрлері.
      Мүдделi Тараптардың келiсуiмен олар бойынша әр түрлi мақсаттардағы объектiлердi салу көзделген шарттардың, келiсiмдердiң және келiсiм-шарттардың жобаларының, және оларға тiркес сәйкес негiздемелердiң (құжаттамалардың), сондай-ақ құрылыс саласындағы мемлекетаралық инновациялық бағдарламалардың жобаларына, оларға тiркес негiздеушi материалдардың және осы тармақта көрсетiлген жобалар бойынша өзге де құжаттардың мемлекетаралық сараптамасын жүргiзуге рұқсат етiледi.
      4. Осы Ереженiң 3-тармағында көрсетiлген объектiлер бойынша мемлекетаралық сараптамаға ұсынылатын материалдар тiзбесi құжаттамалардың сәйкес түрлерін әзiрлеу үшiн белгiленген Тараптардың нормативтiк талаптарымен белгiленедi. Тараптардың заңдарында көзделген жағдайларда қоғамдық талқылаудың материалдары ұсынылады. Объектiлердiң құрылысының жобасы үшiн сонымен қатар:
      Тараптардың аумақтарында қолданылатын жобалар және құрылыс салу жөнiндегi нормалар мен ережелердiң мiндеттi талаптарынан ауытқуларды белгiленген тәртiппен келiсу;
      Импорттық технологиялардың, жабдықтардың, материалдардың, конструкциялардың және бұйымдардың белгiленген тәртiппен сертификаттауын және техникалық куәлендiруiн жүргiзу мiндеттi.

                      II. Құрылыс жобаларының сараптамасын
                              ұйымдастыру және жүргiзу

      5. Құрылыс жобаларының мемлекетаралық сараптамасы үшiн материалдарды тапсырыс берушi (мемлекетаралық сараптамаға материалдарды ұсынушы жеке немесе заңды тұлға) базалық сараптау органына 4 данада жолдайды.
      6. Базалық сараптау органы сараптама процесiнде тапсырыс берушіден мемлекетаралық сараптама жүргізу туралы қорытындыны әзiрлеу үшiн қажеттi қосымша материалдарды сұратып алуға құқығы бар.
      7. Базалық сараптау органына ұсынылған құрылыс жобаларының материалдары тiркеуге және жинақтылығына арналған тексеруге жатады.
      8. Базалық сараптау органы аталған материалдарды тiркеген күнiнен бастап 7 күннен аспайтын мерзiмде мүдделi Тараптардың сараптау органдарымен олардың мемлекетаралық сараптама тобына қатысуын келiседi және тапсырыс берушiге:
      ұсынылған материалдардың Тарап белгiлеген талаптарға сәйкестiгi кезiнде - құрылыс жобасының мемлекетаралық сараптамасы жөнiндегi жұмыстарды орындау туралы шартты;
      ұсынылған материалдардың Тарап белгiлеген талаптарға сәйкес еместiгi кезiнде толық көлемде қажеттi материалдарды ұсынудың мерзiмi туралы хабарлайды.
      Базалық сараптау органы тапсырыс берушi қол қойған шартты және онда мемлекетаралық сараптама жүргiзу үшiн ескерiлген төлемдi жолдаған күнiнен бастап 30 күн ішiнде алмаған кезде немесе тапсырыс берушi базалық сараптау органы көрсеткен мерзiмде сұратылған материалдарды ұсынбаса; мемлекетаралық сараптама жүргiзiлмейдi және құрылыс жобасы жөніндегі барлық материалдар 7-күндік мерзімде тапсырыс берушiге қайтарылады.
      9. Мемлекетаралық сараптаманы жүргiзудi бастау және оның төлем жағдайлары шартпен белгiленедi. Мемлекетаралық сараптама жүргiзудiң құны сараптамаға ұсынылған материалдардың көлемi мен сараптау объектiсiнiң күрделiлiгi ескерiле отырып, сараптау жұмысының еңбек сыйымдылығына қарай тиiстi нормативтердiң негiзiнде белгiленедi. Сараптама жүргiзудiң ұзақтығы шартпен белгiленедi, алайда ол 3 айдан аспау тиiс.
      Мемлекетаралық сараптама жасау процесiнде қажет кезде оның құны мен жүргiзу мерзiмi (бұл кезде тапсырыс берушiмен қосымша шарт жасалады), сондай-ақ мемлекетаралық сараптама жұмысына тартылған сарапшылардың саны мен мамандандырылуы өзгертiлуi мүмкін.
      10. Сараптаманың төленгендiгiн растайтын құжатты алғаннан кейiн базалық сараптау органы:
      мемлекетаралық сарапшы топты қалыптастырады және оның құрамын мүдделi Тараптардың мемлекеттiк сараптау органының басшыларымен келiседi;
      тапсырыс берушiмен шартта көзделген жұмыс көлемiне және сараптама жүргiзу құнына қарай мүдделi мемлекеттiк сараптау органы өкiлдерiнiң мемлекетаралық сараптамаға қатысуының хаттамасын даярлайды.
      11. Мемлекетаралық сарапшы топтың құрамы мен ондағы өзгерiстер аумағында объект құрылысын салу межеленген Тараптың құрылысты мемлекеттiк басқарудың орталық органы басшысының шешiмiмен ресiмделедi. Мемлекетаралық сарапшы топтың басшысы болып, әдетте, көрсетiлген Тараптың мемлекеттiк сараптама органының басшысы, хатшысы болып осы органның штаттағы қызметкерi тағайындалады.
      12. Мемлекетаралық сарапшы топтың басшысы мен хатшысы сараптаманы

ұйымдастырады және сараптаманың жүргiзiлуі мен мемлекетаралық сарапшы 
топтың жиынтық қорытындысын дайындауды қамтамасыз етедi, соның iшiнде:
     сараптаманың негiзгi бағыттары бойынша сарапшылар құрамын 
қалыптастырады;
     топ жұмысының күнтiзбелiк жоспарын жасайды;
     сарапшыларға сараптама жүргiзуге тапсырма әзiрлейдi;
     сарапшыларға қосымша ақпараттың ұсынылуын қамтамасыз етедi;
     қажет жағдайда құрылысы межеленген объекті орналасқан жерге 
сарапшылардың баруын ұйымдастырады;
     топтың мәжiлiстерiн өткiзудi ұйымдастырады және осы мәжiлiстердiң 
хаттамаларын ресiмдейдi.
     13. Мемлекетаралық сарапшы топ сараптау объектiсiнiң тараптардың 
нормативтiк құқықтық актiлерiнде көзделген жағдайларға сәйкестiгiн 
белгiлейдi, сараптау объектiсiн iске асыру кезiнде Тараптар үшiн болуы 
ықтимал зияндардың алдын алу бойынша межеленген шаралардың жеткiлiктiлiгiн 
анықтайды.
     14. Мемлекетаралық сарапшы топ ұйымдастырушылық мәжiлiс өткiзедi; 
одан кейiнгi мәжiлiстерде:
     сарапшылар жұмыстарының негiзгi бағыттары белгiленедi;
     сарапшыларға тапсырмалар және жұмыс тобының күнтiзбелiк жұмыс жоспары 
бекiтiледi;
     бағыттар бойынша сараптық қорытындылар дайындалады және бекiтiледi;
     мемлекетаралық сараптаманың жиынтық қорытындысының жобасы жасалады 
және қаралады.


      15. Мемлекетаралық сарапшы топ мәжілістерінің нәтижелері оның басшысы және хатшысы қол қоятын хаттамалармен ресiмделедi.
      16. Мемлекетаралық сарапшы топтың қорытынды жобасына (оң немесе терiс) толық құрамдағы сарапшы топтың мүшелерi қол қояды, бұдан кейiн ол сарапшы топтың жиынтық қорытындысына айналады.
      Сарапшы топтың жекелеген мүшелерi дайындалған қорытындымен (немесе оның жекелеген ережелерімен ) келіспесе олар "ерекше пiкiр" деген белгiмен қол қояды. Ерекше пiкiрдi сарапшы қорытынды жобасымен келiспеушiлiк себебiнiң негiздемесi бар құжат түрiнде ресiмдейдi.
      17. Мемлекетаралық сараптау тобы дайындаған жиынтық қорытындыда сараптау объектiсiн iске асыруға рұқсат ету (рұқсат етпеу) туралы негiзделген байлам болуы тиіс.
      Оң қорытындыда сараптау объектiсiнiң қойылған талаптарға сәйкестiгi туралы байламдарды және оны бекiту (келiсу) жөнiндегi ұсынымды қосуы тиiс.
      Терiс қорытындыда екi байлам болады:
      мемлекетаралық сараптаманың жиынтық қорытындысында жазылған ескертпелер мен ұсыныстар бойынша сараптау объектiсiн жерiне жеткiзу қажеттiгi туралы;
      сараптау объектiсi қойылған талаптарға сәйкес келмейтiндiктен оны iске асыруға жол бермеу туралы.
      18. Мемлекетаралық сарапшы топ дайындаған жиынтық қорытынды мүдделi Тараптардың құрылысты мемлекеттiк басқарудың орталық органдары басшыларының келісуi бойынша құрылған базалық сараптау органы жанындағы құрылысты мемлекеттiк басқарудың орталық органының басшысы бекiтедi.
      19. Жиынтық қорытынды жобасы жөнінде мемлекетаралық сараптау тобының мүшелерінің келiспеушiлiгi кезiнде, құрылған базалық сараптау органы жанындағы құрылысты мемлекеттiк басқарудың орталық органының басшысы:
      топқа қосымша сарапшылар енгiзу арқылы мемлекетаралық сараптаманы жалғастыру туралы;
      келiспеушiлiк жөніндегi материалдарды Құрылыстық қызметтегi ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық кеңестiң Жобалардың мемлекетаралық сараптамасы жөнiндегi комиссиясына қарау үшiн және олар жөнiнде ұсыныстар дайындау үшiн жiберу туралы шешiм қабылдайды.
      20. Мемлекетаралық сараптаманың жиынтық қорытындысы мемлекетаралық сарапшы топ бекiткеннен кейiн аяқталған деп саналады.
      21. Мемлекетаралық сараптама тобының жиынтық қорытындысы бекiтiлгеннен кейiн 5 күн iшiнде базалық сараптама органы тапсырыс берушiге және Құрылыстық қызметтегi ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық кеңестiң Жобалардың мемлекетаралық сараптамасы жөнiндегi комиссиясына жiбередi.
      22. Мемлекетаралық сарапшы топтың қорытындысы терiс болған жағдайда тапсырыс берушi осы қорытындыда айтылған ескертпелер мен ұсыныстарды ескерумен оларды пысықтаған жағдайда материалдарды қайталама сараптамаға ұсынуға құқылы.
      23. Мемлекетаралық сараптама тобының қорытындысымен келiспейтiн құжаттарға тапсырыс берушi, өзге де мүдделi тұлғалар өзара келiсушiлiк негiзiнде мүдделi Тараптардың ақырғы шешiмiн қабылдау үшiн жанында базалық сараптау органы құрылған Тараптың құрылысты мемлекеттiк басқарудың орталық органы басшысына және Құрылыс қызметiндегi ынтымақтастық жөнiндегi

үкiметаралық кеңестiң үкіметаралық жобалар сараптамасы жөніндегі 
комиссияға келiспеушiлiктi қарау және олар жөнiнде ұсыныстар қабылдау үшiн 
жүгiнуге құқылы.
     24. Құрылыс қызметiндегі ынтымақтастық жөнiндегi үкiметаралық 
кеңестiң Мемлекетаралық жобалар сараптамасы жөнiндегi комиссиясы осы 
Келiсiмдi iске асыруға қажеттi нормативтiк-әдiскерлiк құжаттарды әзiрлеудi 
және бекiтудi қамтамасыз етедi.
     
              Экономикалық Одақтың Мемлекетаралық экономикалық 
               комитеті Президиумының мәжілісі күн тәртібінің 
                       ІІ бөлімінің 2-тармағы бойынша 
                           Украинаның ескертпелері
     
     "Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттері үшін өзара 
мүдделі саналатын құрылыс жобаларының мемлекетаралық сараптамасы туралы 
келісім туралы"
     
                                                   1999 жылғы 13 қаңтар
     
     "Дауларды ТМД-ң Экономикалық сотында қарауды қоспағанда".
     
     Украинаның Вице-премьер-министрі,
     МЭК Президиумының мүшесі
     
     

     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.      
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады