Заңды (мемлекеттiк кәсiпорындардан, мемлекеттiк мекемелерден және коммерциялық емес ұйымдардан басқа) және жеке тұлғалардың өз фирмалық атауларында, қызмет көрсету белгілерiнде, тауарлық таңбаларында "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" деген (толық, сондай-ақ олардан туындайтын кез-келген басқа да) сөздердi пайдаланғаны үшiн алым есептеудiң және төлеуiнiң тәртiбi туралы ереженi бекiту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 000 жылғы 7 сәуір N 520. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2001.12.20. N 1665 қаулысымен. ~P011665

      "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Қазақстан Республикасының Заңын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Yкiметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса берiліп отырған Заңды (мемлекеттiк кәсiпорындардан,

мемлекеттік мекемелерден және коммерциялық емес ұйымдардан басқа) және 
жеке тұлғалардың өз фирмалық атауларында, қызмет көрсету белгiлерiнде, 
тауарлық таңбаларында "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" деген (толық, 
сондай-ақ олардан туындайтын кез-келген басқа да) сөздердi пайдаланғаны 
үшiн алым есептеудiң және төлеуiнiң тәртiбi туралы ереже бекiтілсiн.
     2. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
        Премьер-Министрі
     
                                                   Қазақстан Республикасы
                                                        Үкіметінің
                                                   2000 жылғы 7 сәуірдегі
                                                     N 520 қаулысымен
                                                       БЕКIТIЛГЕН
     
         Заңды (мемлекеттiк кәсiпорындардан, мемлекеттiк мекемелерден
        және коммерциялық емес ұйымдардан басқа) және жеке тұлғалардың
        өз фирмалық атауларында, қызмет көрсету белгілерiнде, тауарлық
        таңбаларында "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" деген (толық,
              сондай-ақ олардан туындайтын кез-келген басқа да) 
               сөздердi пайдаланғаны үшiн алым есептеудiң және 
                          төлеуiнiң тәртiбi туралы 
                                    Ереже

                              1. Жалпы ережелер
     


      1. Осы Ереже "Салық және бюджетке төленетін басқа да мiндетті төлемдер туралы" 1995 жылғы 24 сәуiрдегi N 2235 Z952235_ Қазақстан Республикасы Заңының 3-бабына, "Бюджет жүйесi туралы" 1999 жылғы 1 сәуiрдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi.
      2. Осы Ереже заңды (мемлекеттік кәсiпорындардан, мемлекеттік мекемелерден және коммерциялық емес ұйымдардан басқа) және жеке тұлғалардың өз фирмалық атауларында, қызмет көрсету белгiлерiнде, тауарлық таңбаларында "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" деген (толық, сондай-ақ олардан туындайтын кез келген басқа да) сөздердi пайдаланғаны үшiн алым (бұдан әрi - алым) есептеудiң және төлеуiнiң тәртібiн айқындайды.

                           2. Алым төлеушiлер

      3. Кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын және өздерiнiң фирмалық атауларында, қызмет көрсету белгілерінде, тауарлық таңбаларында "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" (толық, сондай-ақ олардан туындайтын кез келген басқа да) деген сөздердi (бұдан әрi - сөздер) пайдаланатын заңды (мемлекеттік кәсіпорындардан, мемлекеттiк мекемелерден және коммерциялық емес ұйымдардан басқа) және жеке тұлғалар алымды төлеушiлер болып табылады.

                           3. Алымдарды есептеудiң тәртiбi
                                мен төлеудiң мерзiмдерi

      4. Алымның сомасы әрбiр тұлғалар сөздi мынадай жағдайларда:
      1) Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінің аумақтық органдары берген Заңды тұлғаны мемлекеттік тiркеу туралы куәлiкте аталған заңды тұлғаның фирмалық атауында;
      салық органдары берген Жеке кәсіпкердің куәлігінде көрсетілген, жеке кәсіпкердің фирмалық атауында;
      2) тиiстi ұйым (бұдан әрi - Қазпатент) берген Тауарлық таңбаларға куәлiктердiң санына қарай тауарлық таңбада (қызмет көрсету белгiлерiнде) жеке пайдаланғаны үшін есептеледi.
      5. Алымның сомасын төлеушi өз бетінше айқындайды және мынандай тәртiппен:
      1) шағын кәсiпкерлiк субъектiсi болып табылатын заңды тұлға:
      фирмалық атауында төлем күнгi қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің елу еселенген мөлшерінде;
      тауарлық таңбада (қызмет көрсету белгiсiнде) төлем күнгi қолданыстағы айлық есептiк көрсеткiштiң жиырма бес еселенген мөлшерінде;
      2) өзге де заңды тұлға:
      фирмалық атауында төлем күнгi қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің жүз еселенген мөлшерінде;
      тауарлық таңбада (қызмет көрсету белгiсiнде) төлем күнгi қолданыстағы айлық есептiк көрсеткiштiң елу еселенген мөлшерінде;
      3) кәсiпкерлiк қызметпен айналысатын жеке адам:
      фирмалық атауында төлем күнгi қолданыстағы айлық есептік көрсеткіштің он еселенген мөлшерінде;
      тауарлық таңбада (қызмет көрсету белгiсiнде) төлем күнгi қолданыстағы айлық есептiк көрсеткiштiң бес еселенген мөлшерінде есептеледі.
      6. Алым төлеушiлер болып табылатын жаңадан құрылған заңды тұлғалар (немесе заңды тұлғаларды қайта тiркеу кезiнде) Мемлекеттік тiркеу туралы куәлiктi алғаннан кейiн салық органында салықтық есепке тұру кезiнде осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес "Заңды тұлғалардың және жеке тұлғалардың өз фирмалық атауларында, қызмет көрсету белгiлерінде, тауарлық таңбаларында "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" деген (толық, сондай-ақ олардан туындайтын кез келген басқа да) сөздердi пайдаланғаны үшін алымның сомасын есептеу" нысаны бойынша есеп (бұдан әрi - есеп) ұсынуға және алымды төлегендiгін растайтын құжатты көрсетуге мiндеттi.
      Алым төлеушiлер болып табылатын жеке тұлғалар салық органында Жеке кәсiпкердi мемлекеттiк тiркеу туралы куәлікті алған кезде есеп ұсынуға және алымды төлегендiгiн растайтын құжатты көрсетуге міндетті.
      Тауарлық таңбаға куәлiктi алған кезде алым төленгендігін растайтын құжат Қазпатентке көрсетіледі.
      Алым төлеушiлер Тауарлық белгiге куәлікті алғаннан кейін 10 күннiң iшiнде тiркелген жерi бойынша салық органына есеп ұсынады және алымды төлегендігін растайтын құжатты көрсетедi.
      7. Алымның сомасы "Бюджет жүйесi туралы" Қазақстан Республикасының

Заңына сәйкес республикалық бюджетке аударуға жатады.
     
                             4. Жауаптылық
     
     8. Төлеушілер алымның сомасын төлемегені, уақытылы немесе толық 
төлемегені үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылықта 
болады.
     9. Алымның уақытылы төленбеген сомасы, кешіктірілген әр күн (төлеу 
күнін қоса алғанда) үшін бюджетке, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі 
осы соманы төлеу күні белгілеген қайта қаржыландырудың ресми ставкасы 
мөлшерінде өсімақы есептеу арқылы, өндіріліп алынады.
     
     Ережеге 1-қосымша
     
СТН_________________________        ______________________________________
____________________________        ________________бойынша Салық комитеті
(Төлеушінің толық атауы)     
     
____________________________        ______________________________________
                                                 (ұсыну мерзімі)
____________________________        ______________________________________
        (банк)                                (іс жүзінде ұсынылды)
____________________________
    (банктік шоттар)     
     
     
        Заңды (мемлекеттiк кәсiпорындардан, мемлекеттiк мекемелерден
       және коммерциялық емес ұйымдардан басқа) және жеке тұлғалардың
       өз фирмалық атауларында, қызмет көрсету белгілерiнде, тауарлық
       таңбаларында "Қазақстан", "Республика", "Ұлттық" деген (толық,
         сондай-ақ олардан туындайтын кез-келген басқа да) сөздердi
                    пайдаланғаны үшiн алымдар сомасының
                        _______________жылға арналған
     
                                Есебі
     
---------------------------------------------------------------------------
 N !                          !Толық атауы!Пайдаланылған!АЕК алым !Алымның
р/с!                          !           !  сөздердің  !ставкасы !сомасы
   !                          !           !     саны    !         !4х5 мың
   !                          !           !             !         ! теңге
---------------------------------------------------------------------------
 1 !           2              !    3      !      4      !    5    !    6
---------------------------------------------------------------------------
1.   Фирмалық атауы
2.   Тауарлық таңба:               Х
     оның ішінде тауардың
     түрлері:
     а)______________________
     б)______________________
     в)______________________
     Қызмет көрсету белгісі:
     оның ішінде қызмет
     көрсетудің түрлері:
     а)______________________
     б)______________________
     в)______________________
---------------------------------------------------------------------------
            Жиыны:                 Х                         Х
---------------------------------------------------------------------------
     
     Толтырылған күні___________________
М.О.     
                     ____________________             ____________________
                     Басшы                                   (қолы)
                     ____________________             ____________________
                     Бас бухгалтер                           (қолы)
                     ____________________             ____________________
                (Салық инспекторының аты-жөні)               (қолы)        
 
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.      
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады