Құрамында уран бар материалдарды қайта өңдеу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 7 сәуір N 525

      Қазақстан Республикасы мен Америка Құрама Штаттарының арасындағы атом энергиясын бейбiт пайдалану саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Қазатомөнеркәсiп" ұлттық атом компаниясы" жабық акционерлiк қоғамы (бұдан әрi - "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ), "Yлбi металлургиялық зауыты" ашық акционерлiк қоғамы мен "Глобал Ньюклеар Фьюэл-Америкас", "Ньюкем, Инк." (Америка Құрама Штаттары) компаниялары арасындағы 2000 жылғы 1 қаңтардағы уранды қайта өңдеу қызметiне жасалған контрактiге сәйкес 235 уран изотопы бойынша 4,5%-тен асырмай байытылған, СЭҚ ТН 2844 20 290-кодты, құрамында уран бар материалдар концентратын қайта өңдеу жөнiндегi қызметтi жүзеге асыру жөнiнде "Қазатомөнеркәсiп" ҰАК" ЖАҚ мен "Глобал Ньюклеар Фьюэл-Америкас" компаниясының ұсынысы қабылдансын.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда

 

министрлiгiнiң Атом энергетикасы жөнiндегi комитетi ядролық материалдарды

әкелуге және әкетуге бақылау жасауды қамтамасыз етсiн.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады