Қазақстан Республикасының Yкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI: 1. 1997 жылғы 27 наурызда Мәскеу қаласында жасалған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң лицензиялық органдары беретiн Құрылыс қызметiн жүзеге асыруға арналған лицензияларды өзара тану туралы келiсiм бекiтiлсiн. 2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң лицензиялық органдары құрылыстық қызметтi жүзеге асыруға арнап беретін лицензияларды өзара тану туралы Келісім Ресми расталған мәтін Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң лицензиялық органдары құрылыстық қызметтi жүзеге асыруға арнап беретiн лицензияларды өзара тану туралы КЕЛIСIМ Бұдан әрi Тараптар деп аталатын осы Келiсімге қатысушы мемлекеттердi бiлдiретiн үкiметтер, Достастық шеңберiнде интеграциялық процестердiң дамуына аса мән бере отырып, 1992 жылғы 13 наурыздағы Стандарттау, метрология және сертификаттар саласында келiсiлген саясат жүргiзу туралы келiсiмнiң және 1993 жылғы 24 желтоқсандағы Инвестициялық саясат саласындағы ынтымақтастық туралы келiсiмнiң ережелерiн ескере отырып, 1994 жылғы 9 қыркүйектегi Құрылыстық қызметтегi ынтымақтастық туралы келiсiмнiң ережелерiн басшылыққа ала отырып; төмендегiлер туралы келiстi: 1-бап Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн мына терминдер мыналарды бiлдiредi:
лицензия (мемлекеттiк лицензия) - оны иеленушiге Тараптың аумағында белгiленген мерзiм iшiнде құрылыстық қызметтiң белгiлi бiр түрiн жүзеге асыруға құқық беретiн Тараптың уәкiлетті мемлекеттiк органы беретiн арнайы рұқсат (құжат);
құрылыстық қызмет - Тараптың аумағында оны жүзеге асыру үшiн лицензия алу қажет жобалық және құрылыс-монтаждық жұмыстардың, құрылыс үшiн iздестiрулердiң жекелеген түрлерi, құрылыс материалдарын, бұйымдары мен конструкцияларын өндiру, инжинирингтік және өзге де жұмыстар мен қызмет етулердi көрсету;
лицензиар (лицензиялық орган) - Тараптың ұлттық заңына сәйкес құрылыстық қызметтi лицензиялауды жүргiзуге уәкiлеттi Тараптың мемлекеттiк органы;
лицензиат (лицензиялау субъектiсi) - Тараптың аумағында құрылыстық қызметтiң жекелеген түрiн жүзеге асыруға арналған лицензиясы бар заңды немесе жеке тұлға (жеке кәсiпкер).
2-бап
Тараптардың лицензиарлары құрылыстық қызметтiң жекелеген түрлерiне арнап оларға берiлген лицензияларды өзара таниды, солар бойынша олардағы лицензиялар беру тәртiбi лицензиатқа сәйкес ұлттық лицензияны ресiмдеу және беру жолымен баламалы болады.
Тараптардың лицензиарлары беретiн лицензияларды өзара тану, лицензиялар бланкаларының және мөрлердiң үлгiлерiмен алмасу тәртiбiн, құрылыстық қызметтiң жекелеген түрлерiнiң баламалылығын (жұмыстар және қызмет көрсетулердiң келiсiлген тiзбесi бойынша) және осы Келiсiмнiң шеңберiнде өзге де мәселелердi шешу тәртiбiн Тараптардың құрылысты басқарудың орталық мемлекеттiк органдары немесе Тараптардың басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдары олардың арасында жасалған жеке шарттар негiзiнде белгiлейдi.
3-бап
Лицензиатқа берiлген сәйкес ұлттық лицензияның қолданылу мерзiмi аумағында құрылыстық қызмет жүргiзiлетiн Тараптың ұлттық заңына орай белгiленедi, алайда ол екiншi Тараптың лицензиары берген лицензияның қолданылу мерзiмiнен аспауы тиiс. Өзара танылған лицензияның мерзiмiн ұзартуды сәйкес ұлттық лицензияны берген Тараптың лицензиары өзi белгiлеген тәртiппен жүргiзедi.
4-бап
Өзара танылған ұлттық лицензия беру үшiн төлем мөлшерi аумағында құрылыстық қызмет жүргiзiлетiн Тарап лицензиатының ұлттық заңына сәйкес белгiленедi. Егер осындай лицензия беру үшiн төлем мөлшерi заңмен анықталмаған жағдайда ол құрылыстық қызметтiң әрбiр жеке түрiне 25 АҚШ долларына баламалы мөлшерде белгiленедi. Лицензия беру үшiн төлем тәртiбiн, қосымша төлемдер мен алымдар ауқымы өзара танылған ұлттық лицензияны беретiн лицензиар Тарабының заңдарына сәйкес белгiленедi.
Төлем лицензиат құрылыстық қызметтi жүзеге асыру ниетi бар Тараптың ұлттық валютасында лицензиаттың оған өзара танылған ұлттық лицензия беру туралы өтiнiшi қабылданған күнi АҚШ долларына қатысында ұлттық банк белгiлеген сол ұлттық валютаның бағамы бойынша жүргiзiледi.
5-бап
Тараптардың лицензиарлары лицензиялардың бiрдейлендiрiлген бланкаларын, лицензияларды өзара тану үшiн құжаттар тiзбесiн және лицензиялауға жататын құрылыстық қызметтiң жекелеген түрлерiнiң тiзбесiн жасауда бiрлесiп iс-қимыл жасайды, сондай-ақ олар жасаған жекелеген шарттар, тiркелген және лицензиатқа берiлген өзара танылған ұлттық лицензиялар туралы ақпараттармен алмасуды жүзеге асырады.
6-бап
Лицензиат оған берiлген лицензияда көрсетiлген құрылыстық қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асырудың жағдайлары мен ережелерiн бұзған жағдайда лицензиар лицензияны жоя (қайтарып ала) немесе лицензиар ұсынған Тараптың заңдарына сәйкес оның қолданылуын тоқтата алады.
7-бап
Осы Келiсiм Тараптар қатысушы болып табылатын өзге де халықаралық шарттардың, соның iшiнде Тараптардың лицензиарлары басқа да мемлекеттерге және бiрiккен кәсiпорындарға берген лицензиялар туралы ережелерiн қозғамайды.
Тараптар құрылыстық қызметтiң жекелеген түрлерiне арналған лицензияларды өзара тану туралы осы Келiсiмнiң қатысушысы болып табылмайтын өзге де мемлекеттермен шарттарға қол қою кезiнде олар осы Келiсiмнiң ережелерiн ескеруге келiстi.
8-бап
Осы Келiсiмге Тараптардың ортақ келiсiмiмен Келiсiмнiң ажыратылмас бөлiгi болып табылатын жеке хаттамамен ресiмделетiн өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.
Осы Келiсiмдi қолдануға немесе түсiндiруге байланысты даулы мәселелер Тараптардың құрылысты басқарудың орталық мемлекеттiк органдарының немесе Тараптардың басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдарының консультациялары және келiссөздерi жолымен шешiлетiн болады.
Келiссөздер жолымен даулы мәселелердi реттеу мүмкiн емес кезде Тараптар арасындағы келiсiм бойынша оларды шешу кез келген халықаралық арбитражға тапсырылуы мүмкiн. 9-бап Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап, ал оның күшiне енуi үшiн заңдары мемлекет iшкi рәсiмдердi орындауды қажет ететiн мемлекеттер үшiн депозитарийге тиiстi хабарлау тапсырылған күнiнен бастап күшiне енедi. 10-бап Осы Келiсiм ол күшiне енген күнiнен бастап 5 жыл бойы қолдануда болады. Осы мерзiм өткеннен кейiн, егер Тараптар басқа шешiм қабылдамаса, әр сайын бес жылдық кезеңге автоматты ұзартылып отырады. 11-бап Әр Тарап депозитарийге 6 айдан кешiктiрмей алдын ала ресми жазбаша хабарлау жiберiп, осы Келiсiмге өзiнiң қатысуын тоқтата немесе кiдiрте алады. 12-бап
Осы Келiсiм оның ережелерiне ортақтасатын өзге де мемлекеттердiң қосылуына депозитарийге осындай қосылу туралы құжаттар тапсыру жолымен ашық болады.
13-бап
Осы Келiсiмнiң ережелерiн iске асыруды үйлестiру және бақылау әр Тараптардың шешiмi бойынша Тараптардың құрылысты басқарудың орталық мемлекеттiк органдарына немесе Тараптардың басқа да уәкiлеттi мемлекеттiк органдарына, сондай-ақ Экономикалық одақтың Мемлекетаралық экономикалық
комитетiне жыл сайын Келiсiмнiң орындалу барысы туралы баяндама берiп тұратын Құрылыстық қызметтегi ынтымақтастық туралы үкiмет аралық кеңеске жүктеледi. 1997 жылы 27 наурызда Мәскеу қаласында орыс тiлiнде бiр түпнұсқалық данада жасалды. Түпнұсқалық дана осы Келiсiмге қол қойған әр мемлекетке оның расталған көшiрмесiн жiберетiн Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы Хатшылығында сақтаулы. Әзербайжан Республикасының Молдова Республикасының Үкiметi үшiн Үкіметі үшін Армения Республикасының Ресей Федерациясының Үкiметi үшiн Үкіметі үшін Беларусь Республикасының Тәжікстан Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Грузия Үкіметі үшін Түрікменстан Үкіметі үшін Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының Үкіметі үшін Үкіметі үшін Қырғыз Республикасының Украина Үкіметі үшін Үкіметі үшін Мәскеу 27.03.97
Осымен қоса берiлiп отырған мәтiн 1997 жылғы 27 наурызда Москва
қаласында болған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы үкiметтерiнiң басшылары кеңесiнiң мәжiлiсiнде қабылданған Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердiң лицензиялық органдары құрылыстық қызметтi жүзеге асыруға арнап беретiн лицензияларды өзара тану туралы келiсiмнiң түпнұсқалық көшiрмесi екендiгiн куәландырамын. Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Атқарушы хатшысының орынбасары Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.