Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 14 ақпандағы N 241 қаулысына өзгерiстер мен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 8 сәуір N 540

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығын мерекелеуге Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң резервiнен қаражат бөлу туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 14 ақпандағы N 241 P000241_ қаулысына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      1-тармақта:
      1) және 2) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiне "1941-1945 жылдардағы соғыс ардагерi" бiрыңғай үлгiдегi естелiк белгiлердi, олардың куәлiктерiн жасауға мемлекеттiк тапсырыстарды орналастыру үшiн, Қазақстан Республикасы Президентiнiң атынан құттықтаумен бiрге бiр қаржы көзiнен открытка сатып алуға, сондай-ақ көлiктiк қызмет көрсетудi ескере отырып, 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығы құрметiне бiр қаржы көзiнен естелiк сыйлықтар сатып алуға 147 600 000 (бiр жүз қырық жетi миллион алты жүз мың) теңге;
      2) 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңiстiң 55 жылдығын мерекелеу құрметiне Астана қаласында әскери парадты дайындау және өткiзу үшiн мемлекеттiк органдардың басшылары бекiткен сметаға сәйкес парадқа қатысатын:
      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiне 53 000 000 (елу үш миллион) теңге;
      Қазақстан Республикасының Iшкi iстер министрлiгiне 3 200 000 (үш миллион екi жүз мың) теңге;
      Қазақстан Республикасы Ұлттық қауiпсiздiк комитетiнiң Шекара қызметiне 2 300 000 (екi миллион үш жүз мың) теңге;
      Қазақстан Республикасының Республикалық ұланына 1 200 000 (бiр миллион екi жүз мың) теңге";
      мынадай мазмұндағы 3) тармақшамен толықтырылсын:
      "3) Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келiсiм министрлiгiне полиграфиялық қызмет көрсетулер кешенiн сатып алуға 440 000 (төрт жүз қырық мың) теңге бөлiнсiн";
      мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын:
      "1-1. Облыстар мен Алматы қаласының әкiмдерiне Астана қаласынан

 

естелiк сыйлықтарды жеткiзудi қамтамасыз ету ұсынылсын";

     2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

     "2. Осы қаулының 1-тармағына сәйкес қаражат бөлiнiп отырған

мемлекеттiк органдар 2000 жылғы екiншi тоқсанның қорытындылары бойынша

қаражаттың пайдаланылғаны туралы Қазақстан Республикасының Қаржы

министрлiгiне есеп берсiн".

     2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады