"Кеден қызметiнiң ақпараттық жүйелер орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын құру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 14 сәуір N 576

      Кеден органдарының автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң тиiмдi жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету, кеден құжаттарының электронды көшiрмелерiн өңдеу мен берудi, оларды есепке алуды, сондай-ақ кеден органдарының сыртқы экономикалық қызметтiң статистикасын толық және тұтас қалыптастыруын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:

      1. Оның негiзгi мақсаты - кеден декларацияларының электронды көшiрмелерiн ғылыми-талдамалық өңдеу деп белгiлей отырып, шаруашылық жүргiзу құқығымен "Кеден қызметiнiң ақпараттық жүйелер орталығы" республикалық мемлекеттiк кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын және оның жарғысы бекiтiлсiн.

      2. Кәсiпорынды мемлекеттiк басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттiк меншiк құқығының субъектiсi функцияларын жүзеге асыратын орган болып Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк кiрiс министрлiгiнiң Кеден комитетi (бұдан әрi - Уәкiлеттi орган) белгiленсiн.

      3. Уәкiлеттi орган осы қаулының 1-тармағы негiзiнде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiмен бiрлесiп Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Мемлекеттiк кәсiпорын туралы" 1995 жылғы 19 маусымдағы N 2335 заң күшi бар  Жарлығына сәйкес Кәсiпорынның құрылтайшылық құжаттарын тiркеу кезiнде оның қызметiнiң аясын белгiлесiн.

      4. Уәкiлеттi орган бiр айлық мерзiмде заңда белгiленген тәртiппен "Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына сәйкес құпия және өзге де ақпаратты алудың, өңдеудiң, сақтаудың және берудiң тәртiбiн бекiтсiн.

      5. Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк кiрiс министрлiгi, Уәкiлеттi орган және Кәсiпорын Кәсiпорынның мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап бiр апталық мерзiмде жасалған шарттарға сәйкес жабдықтар мен бағдарламалық қамтамасыз етулер және кеден органдарын ақпараттандыру жобасы бойынша есептеулердi беру туралы "Акцепт "корпорациясы" жабық акционерлiк қоғамымен заңнамада белгiленген тәртiппен шарттар жасассын.

      6. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестiктi қорғау және шағын бизнестi қолдау жөнiндегi агенттiгi заңда белгiленген тәртiппен Кәсiпорынның қызметтерiне бағаларды келiссiн.

      7. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 05.08.2013 № 796 қаулысымен.

      8. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады