Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаржы бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 17 сәуір N 588

      Халықты және аумақтарды табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардан қорғау жөніндегі міндеттерді орындауға Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігі құрамаларының дайындығын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне авариялық-құтқару бөлімшелерінің материалдық-техникалық базасын қайта жабдықтау және толықтыру, төтенше жағдайларға ден қою дайындығын арттыру үшін табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және күтпеген өзге де шығыстарға Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен

 

57 (елу жеті) миллион теңге бөлінсін.



     ЕСКЕРТУ. 1-тармақ өзгерді - ҚР Үкіметінің 2000.07.26. N 1107         

              қаулысымен. 


P001107_
 


     2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаржының

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады