Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер енгізу туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 17 сәуір N 591

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін: 
      1) "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 ақпандағы N 220  қаулысына
      көрсетілген қаулымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған заң жобалау жұмыстарының жоспарындағы: 
      реттік нөмірі 12-жол алынып тасталсын; 
      реттік нөмірі 17-жолдағы "Заң жобасының атауы" бағанындағы "Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деген сөздер "Банкроттық мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 32-1 мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      "32-1. Қазақстан
             Республикасының   Мемкірісмині, мамыр маусым тамыз
             салық кодексі     Қаржымині                          ";
 
        реттік нөмірі 52-жолдағы "Заң жобасының атауы; бағанындағы 
"қызметтерін" деген сөз "полициялар" деген сөзбен ауыстырылсын;
      2) <*>
       Ескерту. 1-тармақтың 2)-тармақшасы күшін жойды -   ҚР Үкіметінің 2005.05.06. N  434 қаулысымен 
      3) <*>
       Ескерту. 1-тармақтың 3)-тармақшасы күшін жойды - ҚР Үкіметінің 2000.08.17. N 1269  қаулысымен .
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады