Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспарын бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 20 сәуір N 612. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі N 1411 Қаулысымен

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009.09.19. N 1411 Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қоса беріліп отырған Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспары бекітілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылға арналған резервінен, табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген қаражаттың есебінен, Түркістан қаласының 1500 жылдығына арналған республикалық іс-шараларды өткізуге 10 (10) миллион теңге бөлінсін. 3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын. 4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 20 сәуірдегі N 612 қаулысына қосымша Түркістан қаласының 1500 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралардың жоспары _________________________________________________________________ N Іс-шара Өткізу Сметалық құны р/с мерзімдері (мың теңге) _________________________________________________________________ 1 Түркістан қаласындағы Қазақстан ІҮ тоқсан 1300 мен шет мемлекеттер ғалымдары. ның қатысуымен халықаралық ғылыми-практикалық конференция 2 Түркістан қаласындағы "Түркістан ІҮ тоқсан 2500 - ғасырлар үні" атты театрландыр. ырылған қойылым 3 ЮНЕСКО-ның штаб-пәтерінде (Париж) ІІІ тоқсан 4000 халықаралық дөңгелек үстел, "Түркістан - 1500" көрмесі 4 Алматы қаласындағы ІІІ тоқсан 1500 "Түркістан және Ұлы дала музыкасы" атты түркі тілді елдердің дәстүрлі музыкасының халықаралық фестивалі 5 "Түркістан - 1500" мерейтойлық ІІІ тоқсан 700 медалін шығару Жиыны: 10000 Оқығандар: Қобдалиева Н.М. Орынбекова Д.К.
 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады