Көктемгі дала жұмыстарын және шегірткелерге қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз етудің жекелеген мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 26 сәуір N 638

      Көктемнің ерте келуімен туындаған ауыл шаруашылығында қалыптасып отырған қиын жағдайға және тұқым себу науқанын, шегірткелерге қарсы күрес іс-шараларын қысқа мерзімдерде өткізу және көктемгі дала жұмыстары кезеңінде жанар-жағармай материалдарының тапшылығына жол бермеу қажеттігіне байланысты Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер жөніндегі комитеті белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасының материалдық резервінен жаңалау тәртібімен отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілеріне "Резерв" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының терминалдарынан 21 900 (жиырма бір мың тоғыз жүз) тонна көлемінде дизельдік отын сатуды (қосымшаға сәйкес құпия);
      2) 2000 жылдың 15 маусымына дейінгі мерзімде, мемлекеттік материалдық резервтен сатылатыннан жоғары емес баға бойынша, берушілермен Қазақстан Республикасының мемлекеттік материалдық резервтерінің орнын толтыруды қамтамасыз ететін бүкіл көлемде дизельдік отын сатып алу туралы алдын ала келісім-шарттар жасасу жолымен, жоғарыда көрсетілген сатудан алынған қаражаттың есебінен 21 900 (жиырма бір мың тоғыз жүз) тонна дизельдік отын

 

сатып алуды;

     3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдауды қамтамасыз

етсін.

     2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



     Оқығандар:

     Қобдалиева Н.М.

     Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады