Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 шілдедегі N 988 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 4 мамыр N 665

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Ақмоласельмаш" ашық акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакетін Астана қаласының коммуналдық меншігіне беру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 16 шілдедегі N 988 P990988_ қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      2-тармақта:
      1), 2)-тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) екі ай мерзім ішінде "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Медетші банкіне меншікті айналым қаражатын толықтыруға "Ақмоласельмаш" акционерлік қоғамы үшін несие бөлу туралы" 1997 жылғы 16 қазандағы N 47 несиелік келісімге белгіленген тәртіппен өзгерістер енгізілсін, онда мынадай шарттар көзделсін:
      заемшы ретінде "Астана-қаржы" ашық акционерлік қоғамы айқындалсын;
      негізгі борышты өтеуді үшінші жылдан бастай отырып, несиелік

 

келісімге өзгерістер енгізілген күннен бастап несиені қайтару мерзімі 5

(бес) жыл болып белгіленсін;

     несиені пайдаланғаны үшін сыйақыны (мүддені), мерзімі өткен сыйақыны

(мүддені) және айыппұл санкцияларын бірінші жылдан бастап өтеу белгіленсін;

     2) Қоғамға "Медетші қоры" республикалық мемлекеттік кәсіпорны берген

несие бойынша талап ету құқығын "Астана-қаржы" ашық акционерлік қоғамына

беруді қамтамасыз етсін";

     3)-тармақша алынып тасталсын.

     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі



    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады