Қазақстан Республикасы Yкiметiнің 1999 жылғы 4 мамырдағы N 528 қаулысына өзгерiстер мен толықтыру енгiзу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 10 мамыр N 694. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.07.25. N 832 қаулысымен. ~P020832

      Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке бюджеттiк алулардың мерзiмдiлiгiн қамтамасыз етудiң тәртiбiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. "Облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке бюджеттік алулардың мерзiмдiлiгiн қамтамасыз етудiң тәртiбi туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 4 мамырдағы N 528 P990528_ қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 17, 175-құжат) мынадай өзгерiстер мен толықтыру енгiзiлсiн:
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген облыстық бюджеттерден, Астана және Алматы қалаларының бюджеттерiнен республикалық бюджетке бюджеттiк алулардың мерзiмдiлiгiн қамтамасыз етудiң тәртiбiнде:
      5-тармақтағы "107101 "Берешектiң түсуі" коды бойынша кiрiстердi қоспағанда" деген сөздер алынып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Күннің қорытындысы бойынша бюджеттiк алулардың" сомасын есептеу кезiнде мынадай түсiмдер:
      шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң, заңнамада белгiленген тәртiппен, жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттiк мекемелердің кредиторлық берешектерiнiң есебіне өтелетiн жергiлiктi бюджетке төленетiн төлемдер бойынша берешектерi;
      заңнамада белгiленген, қарыз алу лимитiнiң шегiнде аймақтық инвестициялық бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн жергiлiктi атқарушы органдардан осы мақсаттарға қарызға алынған қаражаттың есебiнен жергiлiктi бюджеттен бөлiнетiн несиелер бойынша сыйақылар (мүдделер) есептелмейдi.";
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "8. Бюджеттiк алу республикалық бюджет туралы заңда белгіленген сомалардың шегiнде және бюджеттiк алуларды облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары бюджеттерiнiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiне сәйкес ай сайын бөлумен қаржы жылы бойы жүргiзiледі. Республикалық бюджетке аударуға жататын бюджеттiк алулардың сомасы бiр ай iшiнде жергiлiктi бюджеттiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесiмен

айқындалған бюджеттiк алудың сомасынан асып түскен жағдайда, заңнамада 
белгіленген тәртiппен облыстық бюджеттердің, Астана және Алматы қалалары 
бюджеттерiнiң кiрiстерi мен шығыстарының тiзiмдемесіне өзгерiс 
енгiзiледi.".
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енедi.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
     
     
     
     Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.      
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады