Бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм берудi одан әрi дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
1. Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiне:
1) жастарға бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм берудiң, жұмыссыз азаматтарды даярлаудың және қайта даярлаудың аймақтық бағдарламасын әзiрлеу. Еңбек рыногының мониторингiн тұрақты жүргiзу, экономиканың салалары бойынша бiлiктi жұмысшылар мен мамандарға сұранысын анықтау;
2) қолда бар бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындары желiсiн сақтау және оны одан әрi дамыту жөнiнде шаралар қолдану;
3) мемлекеттiк бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарын облыстық бюджеттер есебiнен қаржыландыруды қамтамасыз ету;
4) аймақаралық деңгейде бiлiктi жұмысшылар мен мамандарды Қазақстан Республикасының орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарында даярлауға мемлекеттiк тапсырысты қалыптастыру және орналастыруды қамтамасыз ету ұсынылсын.
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi белгiленген
тәртiппен:
1) бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру ұйымдарының арнайы пәндер
бойынша оқулықтар мен оқу-әдiстемелiк кешендерiн дайындау және басып
шығарудың мақсатты бағдарламасын;
2) бастауыш және орта кәсiптiк бiлiм беру оқу орындарын
ақпараттандырудың мақсатты бағдарламасын әзiрлесiн.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.