Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарына есімдер беру және оларды қайта атау туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 23 мамыр N 775

 


     "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"

Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Заңына 


Z934200_



сәйкес және Ақтөбе, Жамбыл, Қостанай, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан

облыстары және Алматы қаласы әкімдерінің ұсыныстарын ескере отырып,

Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

     1. 1-қосымшаға сәйкес білім ұйымдарына есімдер берілсін.

     2. 2-қосымшаға сәйкес білім ұйымдары қайта аталсын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                             2000 жылғы 23 мамырдағы

                                                 N 775 қаулысына

                                                    1-қосымша


        Көрнекті тарихи тұлғалардың, белгілі мемлекет және қоғам          

        қайраткерлерінің, аса көрнекті ғалымдардың, жазушылардың,

         ақындардың, педагогтардың есімдері берілген білім беру

                            ұйымдарының тізбесі


                           Ақтөбе облысы бойынша


     Мұғалжар ауданының Шевченко орталау мектебіне - Көтібар батырдың

есімі;

                          Қостанай облысы бойынша


     Таран ауданының Николаев орталау мектебіне - Елубай Өмірзақовтың

есімі;

     Қостанай ауданының Затобол орта мектебіне - Нұржан Наушабаевтың

есімі;

                          Қызылорда облысы бойынша


     Қызылорда қаласының N 23 орта мектебіне - Жәлел Қизатовтың есімі;


                       Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша


     Шымкент қаласының N 6 мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер

спорт мектебіне - Ләззат Тәжиеваның есімі;

     Қазығұрт ауданының Рабат ауылдық округіндегі Рабат орта мектебіне -

Патшайым Тәжібаеваның есімі;

     Төле би ауданының Қасқасу ауылдық округі Қасқасу орта мектебіне -

Бексейіт Түлкиевтің есімі;

     Төле би ауданының Қасқасу ауылдық округіндегі Кеңесарық орта

мектебіне - Бекасыл Биболатұлының есімі;


                            Алматы қаласы бойынша


     Қазақ мемлекеттік басқару академиясына - Тұрар Рысқұловтың есімі;

     Қазақ көлік және коммуникациялар академиясына - Мұхамеджан

Тынышбаевтың есімі.


                                        Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                             2000 жылғы 23 мамырдағы

                                                 N 775 қаулысына

                                                    2-қосымша


             Қайта аталуға жататын білім беру ұйымдарының

                                  тізбесі


                           Ақтөбе облысы бойынша


     Мұғалжар ауданының Золотонош орталау мектебі - Елек орталау мектебі;

     Мұғалжар ауданының Восток орталау мектебі - Көктөбе орталау мектебі;


                           Жамбыл облысы бойынша


     Байзақ ауданының Ботамойнақ ауылдық округіндегі Я. Свердлов атындағы

орта мектеп - Сыдық Абланов атындағы орта мектеп;

     Жамбыл ауданының Жамбыл ауылдық округіндегі Ленин атындағы орта

мектеп - Шайқорық орта мектебі;


                      Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша


     Мақтаарал ауданының Жетісай қаласындағы N 7 орта мектеп - Тұран орта

мектебі;

     Кентау қаласының N 4 Ленин атындағы орта мектебі - Ататүрік атындағы

орта мектеп;

     Кентау қаласының Н. Крупская атындағы орта мектебі - Шортанбай

Қанайұлы атындағы орта мектеп;

     Кентау қаласының К. Маркс атындағы N 23 орта мектебі - Әлихан

Бөкейханов атындағы орта мектеп;

     Кентау қаласының Қарнақ ауылындағы К. Маркс атындағы орта мектеп -

Махмұд Қашғари атындағы орта мектеп;

     Шымкент қаласының С.М. Киров атындағы N 9 орта мектебі - Өмірбек

Жолдасбеков атындағы орта мектеп;

     Шымкент қаласының Краснодон батырлары атындағы N 40 орта мектебі -

Алпамыс батыр атындағы орта мектеп;

     Бәйдібек ауданының Көктерек ауылдық округіндегі Кеңесодақ орталау

мектебі - Сәбит Жиренов атындағы орталау мектеп;

     Мақтаарал ауданының Арай ауылдық округіндегі Жамбыл атындағы орта

мектеп - "Дәуір" орта мектебі;

     Мақтаарал ауданының Асықата аудандық округіндегі Ш. Уәлиханов

атындағы орта мектеп - "Қайнар" орта мектебі;

     Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округіндегі Большевик орта мектебі

- "Арай" орта мектебі;


 
       Мақтаарал ауданының Жамбыл ауылдық округіндегі Ә. Жангелдин атындағы орта мектеп - Қынабек Үкібаев атындағы орта мектеп;
      Мақтаарал ауданының Жаңажол ауылдық округіндегі М. Әуезов атындағы орталау мектеп - Сырым Датұлы атындағы орталау мектеп;
      Мақтаарал ауданының Жаңажол ауылдық округіндегі Т. Рысқұлов атындағы орта мектеп - "Нұрлы жол" орта мектебі;
      Мақтаарал ауданының Жылысу ауылдық округіндегі Н. Крупская атындағы N 26 орта мектеп - Мұстафа Шоқай атындағы орта мектеп;
      Мақтаарал ауданының Қызылқұм ауылдық округіндегі Ленин атындағы орта мектеп - "Сарыарқа" орта мектебі;
      Мақтаарал ауданының Мақтаарал ауылдық округіндегі Ғ. Мүсірепов атындағы орта мектеп - "Мәдениет" орта мектебі;
      Мақтаарал ауданының Мырзакент ауылдық округіндегі Ш. Уәлиханов атындағы орта мектеп - "Жаңажол" орта мектебі;
      Мақтаарал ауданының Үлгілі ауылдық округіндегі О. Бапышев атындағы орта мектеп - "Түркістан" орта мектебі;
      Мақтаарал ауданының Үлгілі ауылдық округіндегі Ленин атындағы орта мектеп - "Үлгілі" орта мектебі;
      Мақтаарал ауданының Үлгілі ауылдық округіндегі Қ. Сәтбаев атындағы орта мектеп - Бердібек Соқпақбаев атындағы орта мектеп;
      Ордабасы ауданының Қарақұм ауылдық округіндегі "Октябрь" орта мектебі - "Қарақұм" орта мектебі;
      Ордабасы ауданының Бөген ауылдық округіндегі Ы. Алтынсарин атындағы

 

орта мектеп - Бейсенбай Кенжебаев атындағы орта мектеп;

     Сайрам ауданының Ақсу кентіндегі Чапаев атындағы бастауыш мектеп -

Айша бибі атындағы бастауыш мектеп;

     Сайрам ауданының Ақсу кентіндегі Н. Островский атындағы орта мектеп -

Мұқағали Мақатаев атындағы орта мектеп;

     Сайрам ауданының Қарабұлақ ауылдық округіндегі Киров атындағы орта

мектеп - "Қарабұлақ" орта мектебі;

     Сайрам ауданының Қызылқыстақ ауылдық округіндегі "Ленинизм" орта

мектебі - "Мәдени" орта мектебі;

     Сайрам ауданының Манкент ауылдық округіндегі Ленин атындағы орта

мектеп - Сабыр Рахымов атындағы орта мектеп;

     Сайрам ауданының Манкент ауылдық округіндегі "Набережная" бастауыш

мектебі - "Айнабұлақ" бастауыш мектебі;

     Сайрам ауданының Сайрам ауылдық округіндегі Энгельс атындағы орта

мектеп - "Сайрам" орта мектебі.




     Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Багарова Ж.А.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады