Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. "Экономикалық саясат жөнiндегі кеңес құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1998 жылғы 1 қазандағы N 983 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
1-тармақтағы Экономикалық саясат жөнiндегі кеңестiң құрамы жаңа редакцияда жазылсын:
"Павлов Александр Сергеевич - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
бiрiншi орынбасары,
жетекшi
Өтембаев Ержан Әбiлқайырұлы - Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрiнiң
орынбасары, жетекшiнiң
орынбасары
Есенбаев Мәжит Төлеубекұлы - Қазақстан Республикасының
Қаржы министрi
Құлекеев Жақсыбек Әбдiрахметұлы - Қазақстан Республикасының
Экономика министрi
Кәкiмжанов Зейнолла Халидоллаұлы - Қазақстан Республикасының
Мемлекеттiк кiрiс
министрi
Марченко Григорий Александрович - Қазақстан Республикасы
Ұлттық Банкiнiң төрағасы
(келiсiм бойынша)
Iзтiлеуов Бейсенбай Iзтiлеуұлы - "Қазақстан Эксимбанкi"
ЖАҚ басқармасының
төрағасы (келiсiм
бойынша)
Мәсiмов Кәрiм Қажымқанұлы - "Қазақстан Халықтық Жинақ
Банкi" ЖАҚ басқармасының
төрағасы (келiсiм
бойынша)
Жолдасбеков Азамат Мырзаданұлы - Қазақстан Республикасының
Бағалы қағаздар жөнiндегi
ұлттық комиссиясының
төрағасы (келiсiм
бойынша)
Келiмбетов Қайрат Нематұлы - Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау
жөнiндегі агенттiгінiң
төрағасы (келiсiм
бойынша)
Ертiлесова Жаннат Жұрғалиқызы - Қазақстан Республикасы
Президентiнiң Әкiмшiлiгi
Басшысының орынбасары
(келiсiм бойынша)
Смайылов Әлихан Асханұлы - Қазақстан Республикасы
Статистика жөнiндегi
агенттiгiнiң төрағасы
Жандосов Ораз Әлиұлы - "Электр желiлерiн басқару
жөнiндегі қазақстандық
компания" ашық
акционерлiк қоғамының
(КЕGОС) президентi
(келісім бойынша)".
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшiне енедi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі