Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен қаражат бөлу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 30 мамыр N 815

      1999 жылы 14 маусымда Медеу шатқалында болған сел тасқынының зардаптарын жою мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға арналған резервінен Алматы қаласының әкіміне Медеу шатқалындағы сел тасқынының зардаптарын жоюға 100 (жүз) миллион теңге бөлінсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі бөлінетін қаражаттың

 

мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

     3. Алматы қаласының әкімі 2000 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан

Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі агенттігіне орындалған

жұмыстардың көлемдері мен құны туралы есеп ұсынсын.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

        Премьер-Министрі



   Оқығандар:

  Қобдалиева Н.М.

  Бағарова Ж.А.   





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады