Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне 2000 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және басқа да күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен "Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені" жабық акционерлік қоғамына жазба жабдықтарының портативті жинағын сатып алуға 11 380 000 (он
бір миллион үш жүз сексен мың) теңге бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген
тәртіппен бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз
етсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Бағарова Ж.А.