Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасында Өтеусіз әскери көмек жөніндегі келісім және Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек жөніндегі келісімге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Түрік Республикасының Бас штабы арасында Атқару хаттамасын жасасу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 16 маусым N 900

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасында Өтеусіз әскери көмек жөніндегі келісім жасалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің тыл жөніндегі орынбасары Ораз Қалиоллаұлы Рақышевқа, Келісім жобасына қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының Үкіметі атынан Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасында Өтеусіз әскери көмек жөніндегі келісім жасасуға өкілеттік берілсін.
      3. Атқару хаттамасының жобасына қағидатты сипаты жоқ өзгерістер мен

 

толықтырулар енгізуге рұқсат бере отырып, Қазақстан Республикасының

Үкіметі мен Түрік Республикасының Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек

жөніндегі келісімге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен

Түрік Республикасының Бас штабы арасында Атқару министрлігінің жасасу

туралы Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің ұсынысына келісім

берілсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                                                 Жоба


     Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының

           Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек жөніндегі

                             Келісім


     Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Үкіметі

мен Түрік Республикасының Үкіметі,

     ұзақ мерзімді достық қарым-қатынасты растай отырып,


 
       Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасы Үкіметінің арасындағы Әскери ғылым, техника және білім беру саласындағы ынтымақтастық туралы 1994 жылғы 8 тамыздағы Келісімнің және Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Түрік Республикасының Ұлттық қорғаныс министрлігі арасындағы Әскери саладағы ынтымақтастықты кеңейту жөніндегі өзара түсіністік туралы 1996 жылғы 3 қыркүйектегі Меморандумның ережелерін іске асыру мақсатында,
      Қазақстан Республикасы мен Түрік Республикасының арасындағы әскери ынтымақтастықты нығайтуға тілек білдіре отырып,
      мына төмендегілер туралы келісті:
 

                                1-бап



 
 
       Түрік Республикасының Үкіметі Қазақстан Республикасының Үкіметіне 1 040 000 (бір миллион қырық мың) АҚШ долларына дейінгі сомада өтеусіз әскери көмек көрсетеді.
      Өтеусіз әскери көмек осы Келісім күшіне енген кезден бастап берілетін болады.
 

                                2-бап



 
 
       Осы Келісім бойынша өтеусіз көмектің 930 000 (тоғыз жүз отыз мың) АҚШ долларына дейінгі сомасы осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын атқарушы хаттамасына сәйкес материалдар және қызметтер көрсету түрінде берілетін болады, ал 110 000 (жүз он мың) АҚШ долларына дейінгі сомадағы басқа бөлігі осы Келісімге сілтеме жасала отырып, екі Тараптың ресми тұлғалары арасындағы қол қойылуға тиіс осы Келісімнің ажырамас бөлігі болып табылатын өтеусіз әскери көмек туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Үкіметінің арасындағы Келісімге Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Түрік Республикасының Бас Штабы

 

арасындағы атқарушы хаттамасының 2-бабында көзделген іс-шараларды төлеу

түрінде берілетін болады.


                                3-бап


     Осы Келісімнің ережелерін іске асыру жөніндегі жауапты құзырлы

органдар қазақстан Тарапынан - Қазақстан Республикасының Қорғаныс

министрлігі, түрік Тарапынан - Түрік Республикасының Бас штабы болып

табылады.


                                4-бап



 
       Қазақстан Тарапы осы Келісімнің 2-бабында аталған материалдар мен көрсетілетін қызметтерді түрік Тарапының алдын-ала жазбаша келісімінсіз үшінші мемлекеттерге бермейді.
 

                                5-бап



 
 
       Осы Келісімнің ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты Тараптар арасындағы барлық даулар мен келіспеушіліктер консультациялар және келіссөздер жолымен шешілетін болады.
      Тараптардың өзара келісімі бойынша осы Келісімге өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Келісімнің ажырамас бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделеді және осы Келісімнің 6-бабына сәйкес күшіне енеді.
 

                                6-бап



 
 
       Осы Келісім оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді

 

Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама жіберілген күннен

бастап күшіне енеді. Осы Келісім Түрік Республикасының Үкіметі материалдық

және қаржылай көмекті Қазақстан Республикасы Үкіметіне толық берген сәттен

бастап өзінің қолданысын тоқтатады.

     ___________ қаласында 2000 жылғы "____"_________, әрқайсысы қазақ,

түрік, ағылшын және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды, және де барлық

мәтіндердің күші бірдей, Осы Келісімнің ережелерін түсіндіру кезінде

келіспеушілік туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді

ұстанатын болады.


     Қазақстан Республикасының      Түрік Республикасының

          Үкіметі үшін                 Үкіметі үшін



                                                                 Жоба


     Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Түрік Республикасының

     Үкіметі арасындағы Өтеусіз әскери көмек жөніндегі келісімге

      Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі мен Түрік

             Республикасының Бас штабы арасында Атқару

                              хаттамасы


     Бұдан әрі Тараптар деп аталатын Қазақстан Республикасының Қорғаныс

министрлігі мен Түрік Республикасының Бас Штабы мынадай баптар бойынша

өтеусіз әскери көмек туралы Келісім шеңберінде берілетін қаржылай көмекті

пайдалану туралы келісті.


                                1-бап

                               Мақсаты


     Осы Атқару хаттамасының мақсаты Қазақстан Республикасының Үкіметіне

Түрік Республикасының Үкіметі беретін 110 000 (жүз он мың) АҚШ долларына

дейінгі сомадағы қаржылай көмектің негізгі бағыттарын белгілеу болып

табылады.


                                2-бап

                             Жалпы шолу


     Қаржылай көмек мынадай іс-шараларды жүзеге асыру үшін пайдаланылады:


 
       1. Түрік Республикасында болған уақыттарында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметшілеріне арналған курстардың ағымдағы шығыстары.
      2. Халықаралық әскери көмек бағдарламасын жоспарлау үшін Қазақстан Республикасына келетін Түрік Республикасының әскери делегациясының шығыстары.
      3. екі жақты қатынастарды кеңейту мақсатында Түрік Республикасына

 

бару үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі қызметшілерінің

шығыстары және "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасы бойынша

НАТО-ның іс-шараларына қатысу үшін Қазақстан Республикасының Қорғаныс

министрлігі қызметшілерінің шығыстары.

     4. Брюссельдегі, Бельгия, НАТО-ның штаб-пәтерінде Қазақстан

Республикасының өкілін ұстауға кететін шығыстар.

     Осы бапта көрсетілген шығыстарды төлеу түрік Тарапынан жүзеге

асырылады.


                                3-бап

                        Орындау қағидаттары


     Қаржылай көмекті орындаудың мынадай қағидаттары белгіленеді:


 
       1. 50 000 (елу мың) АҚШ доллары Түрік Республикасында болған уақыттарында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің қызметшілеріне арналған курстардың шығындарын жабу үшін беріледі. Бұл орайда осы соманы пайдаланудың төмендегідей негізгі бағыттары белгіленеді:
      а) Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерінің әуе билеттеріне, тамақтануларына, орналастырылуына, курстар үшін төлемдеріне төленетін шығындар, сондай-ақ оқытуға байланысты басқа да шығыстар.
      б) курстарға жіберу үшін қазақстандық әскери қызметшілерді іріктеу Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әзірлеген әскери-оқу орындарына қабылдаудың қолданылып жүрген ережелеріне сәйкес жыл сайын өткізілетін болады. Егер Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің оқуға байланысты қажеттіліктері осы мақсатқа бөлінген сомадан асып түсетін жағдайда, Түрік Республикасының Бас штабы қосымша шығындарды жабу үшін қажетті шараларды қабылдайтын болады.
      2. 10 000 (он мың) АҚШ доллары Халықаралық әскери көмек бағдарламасын жоспарлау үшін Қазақстан Республикасына келетін Түрік Республикасының әскери делегацияларының шығындарын жабу үшін беріледі.
      3. 10 000 (он мың) АҚШ доллары әскери салада Тараптар арасындағы екі жақты қатынастарды кеңейту мақсатында Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерінің Түрік Республикасына сапарларына байланысты шығындарды, сондай-ақ "Бейбітшілік жолындағы әріптестік" бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерінің НАТО іс-шараларына қатысу шығындарын жабу үшін беріледі.
      4. 40 000 (қырық мың) АҚШ доллары Брюссельдегі, Бельгия, НАТО-ның штаб-пәтерінде Қазақстан Республикасы өкілін ұстауға кететін шығындарды жабуға беріледі. Бұл орайда берілген ресурстар Қазақстан Республикасы Өкілінің төмендегідей шығындарын жабу үшін жұмсалатын болады:
      а) тұрғын және қызметтік үй-жайды жалдау (жылыту мен электр қуатының шығындарын қоса алғанда;
      б) тұрғын және қызметтік үй-жайды жиһаздау;
      в) тұрғын және қызметтік үй-жайды, сондай-ақ пайдалануға берілетін мүліктерді жөндеу және оларға техникалық қызмет көрсету;
      г) телефон мен факсимильдік байланыс қызметін көрсету.
      5. Түрік Республикасы 110 000 (жүз он мың) АҚШ долларына дейінгі сомадағы қаражатты түрік Тарапы айқындайтын шотқа аударатын болады.
      6. Қажетті жағдайда ресурстарды қайта бөлуді Түрік Республикасының Бас Штабы жүргізетін болады.
 

                                4-бап



 
                      Толықтырулар мен қайта қараулар
 
      Тараптардың өзара келісімі бойынша, осы Атқару хаттамасына өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін, олар осы Атқару хаттамасының ажырамас бөліктері болып табылатын жеке хаттамалармен ресімделеді және осы Атқару хаттамасының 6-бабына сәйкес күшіне енеді.
      Осы Атқару хаттамасының ережелерін түсіндіруге және қолдануға қатысты Тараптар арасындағы барлық даулар мен келіспеушіліктер консультациялар және келіссөздер арқылы шешілетін болады.
 

                                5-бап



                            Қызмет мерзімі



 
 
       Осы Атқару хаттамасы Түрік Республикасының Үкіметі өтеусіз әскери көмекті Қазақстан Республикасы Үкіметіне толық берген сәттен бастап өзінің қолданысын тоқтатады.
 

                                6-бап



 
                          Бекіту және күшіне ену
 
      Осы Атқару хаттамасы оның күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді Тараптардың орындағаны туралы соңғы жазбаша хабарлама жіберілетін күннен бастап күшіне енеді.
 

                                7-бап



 
                         Мәтіндер және қол қоюлар
 

 

     ____________ қаласында 2000 жылғы "___"__________, әрқайсысы қазақ,

түрік, ағылшын, және орыс тілдерінде екі дана болып жасалды, және де

барлық мәтіндердің күші бірдей.


     Осы Атқару хаттамасының ережелерін түсіндіру кезінде келіспеушілік

туындаған жағдайда Тараптар ағылшын тіліндегі мәтінді ұстанатын болады.


     Қазақстан Республикасының       Түрік Республикасының

     Қорғаныс министрлігі үшін          Бас Штабы үшін




     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады