Орталық Азия мемлекеттерi басшыларының 1999 жылғы 9 сәуiрде Ашгабат қаласында қабылдаған шешiмдерiн жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспарын бекiту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 17 маусым N 914

      Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Орталық Азия мемлекеттерi басшыларының 1999 жылғы 9 сәуiрде Ашгабат қаласында қабылдаған шешiмдерiн жүзеге асыру жөнiндегi iс-шаралар жоспары (бұдан әрi - Жоспар) бекiтiлсiн.
      2. Қазақстан Республикасының орталық және жергiлiктi атқарушы

 

органдары Жоспарда көзделген iс-шараларды орындау жөнiнде нақты шаралар

қабылдасын.

     3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи

ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлiгiне жүктелсiн.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


                                      Қазақстан Республикасы Үкіметінің

                                          2000 жылғы 17 маусымдағы

                                              N 914 қаулысымен

                                                 бекітілген


     Орталық Азия мемлекеттері басшыларының 1999 жылғы 9 сәуірде Ашгабат  

      қаласында қабылдаған шешімдерін жүзеге асыру жөніндегі іс-шаралар

                                   Жоспары

---------------------------------------------------------------------------

Р/б!            Іс-шаралар            ! Орындалуына жауаптылар  ! Орындалу

N !                                  !                         ! мерзімі 

---------------------------------------------------------------------------

1  Қазақстан Республикасының Үкіметі,   Қазақстан Республикасының  Тұрақты

   Қырғыз Республикасының Үкіметі,      Табиғи ресурстар және

   Тәжікстан Республикасының Үкіметі,   қоршаған ортаны қорғау  

   Түркіменстан Үкіметі және Өзбекстан  министрлігі, Қазақстан

   Республикасының Үкіметі арасындағы   Республикасының Сыртқы

   Аралды құтқару халықаралық қорының   істер министрлігі, Қазақ.

   және оның ұйымдарының мәртебесі      стан Республикасының

   туралы келісім ережелерінің          Қаржы министрлігі,

   орындалуын қамтамасыз ету.           Қазақстан Республикасының

                                        Мемлекеттік кіріс

                                        министрлігі


2  "Аралды құтқару халықаралық қорының  Қазақстан Республикасының     Жыл

   қаражатын қалыптастыру туралы"       Қаржы министрлігі,           сайын

   Орталық Азия мемлекеттері            Қазақстан Республикасының

   басшыларының 1997 жылғы 28           Сыртқы істер министрлігі

   ақпандағы шешімдерін орындауды

   қамтамасыз ету. Қазақстан

   Республикасының Аралды құтқару

   халықаралық қорына жыл сайынғы

   мүшелік жарналарын төлеу және Аралды

   құтқару халықаралық қоры алдындағы

   берешегін өтеу туралы Қазақстан

   Республикасының Үкіметіне ұсыныс

   әзірлеу және енгізу.


3  "Арал теңізі бассейніндегі су        Қазақстан Республикасының   Тұрақты

   ресурстарын және қоршаған ортаны     Табиғи ресурстар және

   басқарудың" аймақтық GEF жобасын     қоршаған ортаны қорғау

   іске асыруға: а) жобаны              министрлігі, Қазақстан

   қаржыландыруға республиканың         Республикасының Қаржы

   үлестік қатысуын қамтамасыз етуге;   министрлігі, Қазақстан

   б) Арал теңізі бассейніндегі ұлттық  Республикасының Сыртқы

   және аймақтық су стратегиясының      істер министрлігі,

   негізгі жағдайларын қарауға және     Қазақстан Республикасының

   келісуге; в) Шардара және Бөген су   Ауыл шаруашылығы

   қоймалары бөгеттерінің қауіпсіздігін министрлігі, Қазақстан

   қамтамасыз етуге, су бекеттерінде    Республикасының Энергетика,

   жөндеу-қалпына келтіру жұмыстарын    индустрия және сауда

   жүргізуге; г) Арал өңірі халқына     министрлігі, Қазақстан

   суды ұқыпты пайдалануға бағытталған  Республикасының Мәдениет,

   қоғамдық пікірді қалыптастыруға      ақпарат және қоғамдық

   қолдау көрсету.                      келісім министрлігі,

                                        Қазақстан Республикасының

                                        басқа да мүдделі мемлекеттік      

                                        органдармен бірлесе отырып


4  Арал теңізі бассейнінің              Қазақстан Республикасының   Тұрақты

   проблемаларын шешуге арналған қаржы  Сыртқы істер министрлігі

   ресурстарын тартуға донор-елдермен,  (шақыру), Қазақстан

   халықаралық ұйымдармен және          Республикасының мүдделі

   қорлармен ынтымақтастықты кеңейтуде  мемлекеттік органдарымен

   Аралды құтқару халықаралық қоры      бірлесе отырып.

   атқарушы дирекциясының филиалына

   қолдау көрсету.    


5  Суды үнемдеудің бағдарламасын        Қазақстан Республикасының     2001

   әзірлеу және оны Қазақстан           Табиғи ресурстар және          жыл

   Республикасының Үкіметіне бекітуге   қоршаған ортаны қорғау

   енгізу                               министрлігі, Қазақстан            

                                        Республикасының Ауыл

                                        шаруашылығы министрлігі,          

                                        Қызылорда, Оңтүстік

                                        Қазақстан облыстарының

                                        әкімдері, Қазақстан               

                                        Республикасының басқа да

                                        мүдделі мемлекеттік

                                        органдарымен бірлесе

                                        отырып.


6  АҚХҚ филиалы атқарушы дирекциясының  Қазақстан Республикасының   Тұрақты

   сұрауы бойынша, Қазақстан            Сыртқы істер министрлігі

   Республикасының заңнамасына сәйкес   (шақыру), Қазақстан

   оған жүктелген міндеттерді орындау   Республикасының мүдделі

   үшін қажетті материалдарды беру.     мемлекеттік органдарымен

                                        бірлесе отырып. 

---------------------------------------------------------------------------




     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады