"Ертіс-Қарағанды" каналынан Есіл өзеніне дейін су тарту құрылысын салу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 26 маусым N 939

      Соңғы үш жылдағы судың азаю кезеңі туындатқан Қазақстан Республикасының бас қаласын ауызсумен қамтамасыз ету бойынша қалыптасқан төтенше жағдайға байланысты және Астана қаласын сумен тұрақты жабдықтау жөнінде шұғыл шаралар қабылдау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Астана қаласының әкімі "Ертіс-Қарағанды" каналынан Есіл өзеніне дейін су тарту (бұдан әрі - Су тарту) құрылысын салуға байланысты мемлекеттік сатып алуларды жүргізу кезінде тапсырысшы болып белгіленсін.
      2. Астана қаласы әкімінің үстіміздегі жылы Су тартудың құрылысын салу жөніндегі жұмыстарды қоса қаржыландыруға қалалық бюджеттен 700 000 000 (жеті жүз миллион) теңге бөлу туралы ақпараты назарға алынсын.
      3. Астана қаласы әкімінің осы қаулының 1-тармағында көзделген мемлекеттік сатып алуларды бір көзден алу тәсілімен жүзеге асыру туралы ұсынысына келісім берілсін.
      4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі:
      1) бір айлық мерзімде Қазақстан Республикасының Үкіметіне 2000 жылы Су тартудың құрылысын қаржыландыру жөнінде ұсыныстар енгізсін;
      2) 2001 жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде Қазақстан Республикасының Экономика министрлігімен бірлесіп Су тарту құрылысы жөніндегі жұмыстарды аяқтауға қаражат көздесін.
      5. Астана қаласының әкімі жұмыстарды 2001 жылдың бірінші

 

жартыжылдығында аяқтайтын болып, Су тарту құрылысын салудың 2000 жылдың

маусымында басталуын қамтамасыз етсін.

     6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы

Премьер-Министрінің орынбасары Д.К.Ахметовке жүктелсін.

     7. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.



     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




     Оқығандар:

     Қасымбеков Б.А.

     Орынбекова Д.Қ.






Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады