Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің "Алатау" спорт сарайы объектілерінің құрылысы мәселелері

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 26 маусым N 950

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне 2000 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық органы аппаратының әкімшілік шығыстарына көзделген қаражат есебінен Астана қаласында жүзу-сауықтыру кешені мен Ащысай өзені арқылы жүргіншілер көпірін салу жөніндегі жұмыстарға 50 000 000 (елу миллион) теңге сомасында төлем жүргізуге рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі орындалған жұмыстар кесімдерінің (N 2 нысан) және құрылыс-монтаж жұмыстарының атқарушы құжаттамасының негізінде іс жүзінде орындалған жұмыстарды ай сайын тексере отырып, жұмыстарды қаржыландыруды жүргізсін.
      3. Орындалған жұмыстардың көлемін тексеруді жүргізу Қазақстан

 

Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Құрылыс

істері жөніндегі комитетіне жүктелсін.

     4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі




Оқығандар:


     Бағарова Ж.А

     Орынбекова Д.Қ.










Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады