"Достық" оқу-спорт кешені" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнын қайта ұйымдастыру туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 3 шілде N 997

      Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді: 

      1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгiнiң "Достық" оқу-спорт кешенi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны қайта құру жолымен мемлекеттің 100 пайыздық қатысуымен "Достық" спорт кешенi" ашық акционерлiк қоғамына (бұдан әрi - "Достық" СК" ААҚ) қайта ұйымдастырылсын. 

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң Мемлекеттiк мүлiк және жекешелендiру комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен: 
      1) жарғысын бекiту кезiнде "Достық" СК" ААҚ қызметiнiң негiзгi нысанасын Қазақстан Республикасында спортты дамытуға, халықаралық жарыстар мен ел чемпионаттарын өткiзуге қатысу деп белгiлесiн; 
      2) әдiлет органдарында "Достық" СК" ААҚ-ның мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн; 
      3) "Достық" СК" ААҚ-ның жарғылық капиталына Алматы қаласы, Абай даңғылы, 48 мекен-жайы бойынша ғимаратты берсiн; 
      4) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын. 

      3. Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң кейбiр шешiмдерiне мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 
      1) "Акциялардың мемлекеттiк пакеттерiне мемлекеттiк меншiктiң түрлерi және ұйымдарға қатысудың мемлекеттiк үлестерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 12 сәуiрдегi N 405  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПYКЖ-ы, 1999 ж., N 13, 124-құжат):
      көрсетiлген қаулымен бекiтiлген Акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен үлестерi республикалық меншiкке жатқызылған акционерлiк қоғамдар мен шаруашылық серiктестердiң тiзбесiндегi: 
      "Алматы қ." бөлiмi мынадай мазмұндағы реттік нөмiрi 123-7-жолмен толықтырылсын: 
      "123-7 "Достық" спорт кешенi" ААҚ"; 
      2) "Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы N 659  қаулысына :
      Иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiндегi:
      "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегi агенттiгi" бөлiмi мынадай мазмұндағы реттiк нөмiрi 228-1-жолмен толықтырылсын:
      "228-1 "Достық" спорт кешенi" ААҚ"; 
      3) <*>
       Ескерту. 3-тармақтың күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.10.29.
N 1130  қаулысымен .

      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады