Жекелеген тауарлар импорты кезінде қорғау шараларын енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 шілдедегі N 999 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 20 ақпандағы N 171 Қаулысымен

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008.02.20.  N 171  Қаулысымен.

      "Тауар импорты жағдайында ішкі рынокты қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 28 желтоқсандағы  Z980337_  Заңына сәйкес және жүргізілген анықтау нәтижесін негізге ала отырып Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарларға қатысты екі жыл мерзімге қорғау шаралары енгізілсін. 
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті: 
      1) осы қаулының қосымшасына сәйкес тауарлар импорты кезінде қорғау бажын алсын; 
      2) "Жекелеген тауарларға уақытша қорғау шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 24 ақпандағы N 296  P000296_  қаулысының қосымшасына сәйкес тауарлар импорты кезінде уақытша қорғау баждарының нәтижесінде алынған ақшаларын депозитпен республикалық бюджетке енгізсін. 
      3. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Антидемпингтік бақылау жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігімен бірлесіп белгіленген тәртіппен Беларусь Республикасы, Қазақстан Республикасы, Қырғыз Республикасы, Ресей Федерациясы мен Тәжікстан Республикасының Интеграциялық комитетіне және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Атқару комитетіне Қазақстан Республикасының осы қаулының қосымшасына сәйкес тауарларға қатысты қорғау шараларын енгізетінін хабарласын.
      4. Осы қаулы жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2000 жылғы 3 шілдедегі
N 999 қаулысына
қосымша

     Ескерту. Қосымша өзгерді - ҚР Үкіметінің 2001.02.05. N 183
қаулысымен.  P010183_  

             Оларға қатысты қорғау бажы енгізілетін,
    Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін тауарлардың
                             тізбесі

___________________________________________________________________
           Тауар атауы     !   СЭҚ ТН         !   Қорғау бажының
                             бойынша тауар      ставкасы (кедендік
                                 коды              құнына %)
___________________________________________________________________
  Барийдің табиғи сульфаты    251110000         20

  Орамдағы жабу және
  қаптама материалдары        680710100         30

  Гофрилендірілген
  табақшалар (шифер)          681110000         25

  Тау-тас жыныстарын          820719900-дан     30
  және жер қабаттарын
  бұрғылау құралдары:
  - диаметрі 244,5 мм
  бұрғы шапқылары:
  - диаметрі 105 мм.;
  110 мм.; 125 мм.; 130 мм.
  болатын бұрғыұштары
  бөліктері*     

  Ұңғымалық аспалы          841370210-нан       10
  сорғыштар
  НН2Б-32-35-15,
  НН2Б-32-30-15,
  НН2Б-38-30-15,
  НН2Б-44-12-15,
  НН2Б-44-30-12,
  НН2Б-57-25-12,
  НН2Б-57-30-15,
  НН2Б-70-30-12,
  НН2Б-95-35-08*

  Ортадан тепкіш           841370290-нан       15
  ұңғымалық
  электр сорғыштар
  ЭЦВ6-6,3-125,
  ЭЦВ6-10-80, 
  ЭЦВ6-6,5-60,
  ЭЦВ8-16-110,
  ЭЦВ8-25-110,
  ЭЦВ8-25-125,
  ЭЦВ8-25-150
  ЭЦВ10-63-110
  БЦП-0,63-25*

  Сорғыш агрегаттар        841370910-нан        15
  АН-2К9-М1
  Х2/30,
  ХМ2/25,
  АХ40-25-125
  АХ40-25-160 
  АХ50-32-125
  АХ50-32-160
  АХ50-32-200 
  АХ65-50-160 
  АХ65-40-200
  АХО125-80-185/2
  АХО125-80-200/2
  АХ125-80-250
  СМ125-80-250
  СВ125-80-250
  1Х-Е65-40-200
  1Х-Е65-40-200б
  Х50-32-250
  Х65-50-160
  Х80-65-160
  ХБ20/190
  Х160/29д
  АХИ3/40
  АХИ3/80
  ХП8/18
  АХВМС50-32-125
  АХВМС20/31
  АХП50-32-200
  АХП65-50-160
  ТХИ8/40*

  Салмағы 21 кг.-нан          842410910-дан    30
  аспайтын
  көмірқышқылды өрт
  сөндіргіштер, өрт
  сөндіргіш зат -
  көміртегінің қос тотығы*

  Әртүрлі мақсаттағы жүк      842611000        25
  көтерімділігі 3,2-ден
  50 тоннаға дейінгі
  көпірлі электр крандары*

  ОМ 0,63/6-10 үлгідегі       850431900-дан    30
  майлы
  трансформаторлары*

  Қуаты 2,5, 4                850432900-дан    30
  және 10 кВА болатын
  ОМЖ үлгідегі
  электрлендірілген
  темір жол көліктеріне
  арналған
  трансформаторлар*

  ОМ 1,25/6-10 түріндегі      850432900-дан    30
  темір жол
  автоблокировкалары
  аппаратурасын
  қуаттандыратын
  трансформаторлар*

  ОМП үлгідегі                850432900-дан    30
  қуаты 4 және 10
  кВА катодтық
  қорғау құрылғыларын
  қуаттандыратын
  трансформаторлар*

  НТМИ 6/10, НОМ-6/10         85032900-дан     30
  және НОМ-10/10
  үлгідегі кернеу өлшегіш
  трансформаторлары*

  ТМ үлгідегі                 850433900-дан    30
  қуаттылығы
  25 тен 400 кВа дейінгі
  үш фазалы, майлы жалпы
  мақсаттағы 
  трансформаторлар*

  Қуаты 25, 100,             850433900-дан     30
  400 кВА ТМЖ үлгідегі,
  сондай-ақ ТМЭ түріндегі
  қуаты 100 кВА электрленген
  темір жол көліктеріне
  арналған трансформаторлар*

  ЗНОМ-35 түріндегі          850433900-дан     30
  кернеу өлшегіш
  трансформаторлары*

  Жалпы мақсаттағы           850434000-дан     30
  үш фазалы, майлы
  ТМ 630/6-10 және
  ТМ 1000/6-10
  үлгідегі
  трансформаторлар*

  Сұйық өлшеуіштер           902820000         25

  Ауыспалы тоққа             902830110         30
  арналған,
  бір фазалы электр
  энергиясын өлшеуіштер

___________________________________________________________________

     * Тауарлардың номенклатурасы тауар кодымен де, атауымен де
белгіленеді. Техникалық өлшемдері мен белгіленген жағдайлар
кезіндегі жұмысқа арналуы мынадай тиісті жазулармен расталуы тиіс:
машиналар мен жабдықтар үшін - бұйымның паспортында немесе зауыттық
сынақ сертификатында

      

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады