Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 464 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысы 2000 жылғы 3 шілде N 1009. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 25 наурыздағы N 264 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасында мемлекеттік жоғары оқу орындарының студенттік контингентін қалыптастырудың жаңа моделі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 24 сәуірдегі N 464  қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 14, 143-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін: 
      1) 2-тармақтағы "Республикалық тестілеу орталығы" деген сөздер "Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын;
      2) 3-тармақтың екінші абзацы "тестілеуді" деген сөздің алдынан "кешенді" деген сөзбен толықтырылсын;
      3) көрсетілген қаулының 1-қосымшасына:
      Студенттерді қабылдаудың жаңа моделіне көшуді ұйымдастыру жөніндегі республикалық комиссияның құрамына:
 
  Алшанов Рахман Алшанұлы        - Білім мекемелері қауымдасты-
                                 ғының президенті;

Сүлеев Досым Қасымұлы          - Қазақстан Республикасының Білім 
                                 және ғылым министрлігі
                                 Әкімшілік департаментінің
                                 директоры;

Отто Иван Иванович             - Қазақстан Республикасының Ішкі 
                                 істер вице-министрі

енгізілсін;

      көрсетілген құрамнан Бексұлтан Сәрсекұлы Сәрсеков шығарылсын.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады