Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпандағы N 151 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 6 шілде N 1027. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2004.11.24. N 1232 қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
      1. "Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі Автомобиль жолдары және автомобиль көлігі комитетінің мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 3 ақпанындағы N 151  қаулысына  мынадай өзгеріс енгізілсін: 
     көрсетілген қаулымен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің Автомобиль жолдары және автомобиль көлігі комитеті туралы ережеде:
     16-тармақтың 2 абзацындағы "екі орынбасары болады" деген сөздер "үш орынбасары, соның ішінде бір бірінші орынбасары болады" деген сөздермен ауыстырылсын.
     2. Осы қаулы қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.     

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі

 

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады