Шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереженi бекіту туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 12 шілде N 1065 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 мамырдағы № 453 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2010.05.20 № 453 Қаулысымен.

      "Бiрiккен Ұлттар Ұйымының Орталық Азия экономикаларына арналған Арнаулы бағдарламасының шеңберiнде Көлiк және шекаралардан өту - Жобалық жұмыс тобының 3-мәжiлiсiнiң шешiмдерiн iске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2000 жылғы 31 наурыздағы N 481 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
      1. Қоса берiлiп отырған Шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия туралы ереже бекiтiлсiн.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.

     Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі


                                        Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң

                                             2000 жылғы 12 шiлдедегі

                                                N 1065 қаулысымен

                                                   бекiтiлген


             Шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық

                    тасымалдарды дамыту мәселелерi жөнiндегі

                         ведомствоаралық комиссия туралы

                                      ЕРЕЖЕ


                          1. Жалпы ережелер



 
       1. Шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия (бұдан әрi - Комиссия) халықаралық тасымалдарды дамыту және шекаралардан өтудi оңайлату саласындағы халықаралық бағдарламалар бойынша (бұдан әрi - халықаралық бағдарламалар) Қазақстан Республикасы қабылдаған мiндеттемелердi орындау жөнiнде ұсыныстар әзiрлеу мақсатында "Шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi жөнiндегi ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 28 желтоқсандағы N 2004 қаулысына сәйкес құрылды.
      2. Комиссия өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң кесiмдерiн, өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдердi, сондай-ақ осы Ереженi басшылыққа алады.
      3. Комиссия шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi жөнiндегi Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
 
                         2. Комиссияның жұмыс тәртiбi
 
      4. Комиссияның құрамы Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдары мен мүдделi ұйымдарының өкiлдерiнен құралады және оны Қазақстан Республикасының Yкiметi бекiтедi.
      5. Комиссияның қызметiн Комиссияның мәжiлiстерiнде төрағалық ететін, оның жұмысын жоспарлайтын, оның шешiмдерiнiң iске асырылуын жалпы бақылауды жүзеге асыратын және Комиссия қызметiнің нәтижелерiне жауапты болатын оның төрағасы басқарады.
      6. Комиссияның жұмыс органының функцияларын Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi орындайды.
      7. Комиссияның мәжiлiсi қажеттiлiгiне қарай, бiрақ жылына кемiнде бiр рет өткiзiледi және оған Комиссия мүшелерi жалпы санының кемiнде үштен екi бөлiгi қатысса құқылы деп саналады. Комиссия мәжiлiстерiнің бастамашысы Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлiгi болып табылады. Комиссияның шешiмдерi Комиссия мүшелерiнiң жалпы санының жай көпшiлiк дауысымен қабылданады және хаттамамен ресiмделедi. Комиссия мүшелерiнiң дауысы тең болған жағдайда Төрағаның дауысы шешушi болып табылады.
 
                3. Комиссияның функциялары мен мiндеттерi
 
      8. Комиссияның негiзгi функциялары мен мiндеттерi:
      1) шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi жөнiндегi iс-қимыл жоспарларын қарау;
      2) Қазақстан Республикасының заңнамасына орай шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту саласындағы халықаралық шарттардың ережелерiн талдау;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасын көрсетiлген халықаралық шарттарға сәйкес келтiру үшiн ұсыныстар әзiрлеу;
      4) халықаралық бағдарламалар шеңберiнде қабылданған шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату және халықаралық тасымалдарды дамыту мәселелерi жөніндегi шешiмдер мен ұсынымдарды iске асыру туралы ұсыныстарды қарау және енгiзу;
      5) Қазақстан Республикасының Үкiметiне халықаралық бағдарламалар шеңберiндегi iс-қимыл жоспарларын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстар енгiзу болып табылады.
 
                    4. Комиссияның құқықтары
      9. Комиссия:
      1) халықаралық бағдарламалар бойынша Қазақстан Республикасының мiндеттемелерiн орындау жөнiндегi жұмыс жоспарларын бекiтуге және түзетуге қатысты, сондай-ақ халықаралық бағдарламалар шеңберiнде қабылданған шешiмдер мен ұсынымдарды орындау жөнiндегi шаралар туралы ұсыныстар енгiзуге;
      2) белгiленген тәртiппен Комиссияның құрамын өзгерту туралы ұсыныстар енгiзуге;
      3) мүдделi мемлекеттiк органдардың мамандарын Тартумен көлiк инфрақұрылымы және шекаралардан өту рәсiмдерiн оңайлату саласында ұсыныстар әзiрлеу және енгiзу үшiн жекелеген мәселелер бойынша жұмыс топтарын құруға;
      4) белгiленген тәртiппен Комиссияның құзырына қатысты мәселелер

 

бойынша заңды тұлғалардан қажеттi ақпарат сұратуға;

     5) мәжiлiстерде Комиссияның мүшелерi мен мемлекеттiк органдардың

жауапты өкiлдерiн тыңдауға;

     6) Комиссияның қарауына қатысты мәселелердi әзiрлеу үшiн

ғылыми-зерттеу мекемелерiн тартуға;

     7) халықаралық көлiктiк операцияларға қатысушыларды бiрiктiретiн

мүдделi одақтар мен қауымдастықтарды:

     Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарға қосылуына байланысты

халықаралық және ұлттық талаптарды (рұқсат беру, кепілдiк, оқыту

жүйелерiнiң жұмыс iстеуi жөнiндегi) iс жүзiнде орындаудың қиындықтары;

     шағын және орта бизнес кәсiпорындарының шекара өткелдерiндегi

проблемалары және осы кедергiлердi жою жөнiндегi ұсыныстары туралы

тыңдауға құқылы.


                    5. Комиссияның қызметiн тоқтату


     10. Комиссия қызметiнiң тоқтатылуына:

     1) Комиссияға жүктелген мiндеттердiң орындалуы;

     2) бұрын Комиссияға жүктелген мiндеттердi жүзеге асыратын мемлекеттiк

органдардың немесе өзге Комиссияның құрылуы;

     3) Комиссия мiндетiнің орындалуы мүмкiн болмайтын не оның орындалуы

мәнсiз болатын өзге жағдайлар негіз болып табылады.




    Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.     





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады