АН-28 ұшақтарын Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігінің балансына беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 18 шілде N 1086

      Қазақстан Республикасының елордасы Астана қаласының таяу облыс орталықтарымен және елді мекендермен әуе қатынасын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен екі АН-28 ұшағын Ақтөбе жоғары әскери училищесінің балансынан Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігінің балансына беруді қамтамасыз етсін.
      2. Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар министрлігі

 

оған жаңа астананың әуе қатынасы географиясын кеңейту жөніндегі

міндеттемелерді жүктей отырып, осы әуе кемелерін пайдаланушыны анықтасын.

     3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

         Премьер-Министрі


    Оқығандар:

    Қобдалиева Н.М.

    Орынбекова Д.К.    





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады