Жылжымалы ұялы байланыс жүйелерін дамыту мен пайдаланудағы ынтымақтастық жөніндегі келісімді бекіту туралы

Жаңартылған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 19 шілде N 1088.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:

      1. 1997 жылғы 17 қаңтарда Мәскеу қаласында жасалған Жылжымалы ұялы

      байланыс жүйелерін дамыту мен пайдаланудағы ынтымақтастық жөніндегі

      келісім бекітілсін.

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының

      Премьер-Министрі

      Жылжымалы ұялы байланыстың жүйелерiн дамыту мен пайдаланудағы

      ынтымақтастық жөніндегі

      Келісім

      Ескерту. ҚР Үкіметінің 2002.01.19. N 67 қаулысымен бекітілген 2000 жылғы 25 қаңтардағы келісімге өзгерту енгізу туралы хаттаманы қараңыз. P020067_

      

      Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының қатысушы мемлекеттерi олардың үкiметтерi тұлғасында, бұдан әрi - Тараптар,

      жылжымалы ұялы байланысты дамыту саласындағы ынтымақтастықты қамтамасыз ету мақсатында

      қызмет көрсетулер рыногын дамыту үшiн жылжымалы ұялы байланыс жүйесiн бiрлесiп және тиiмдi пайдаланудың маңыздылығын мойындай отырып,

      1992 жылғы 9 қазандағы почта және электрлiк байланыс саласындағы мемлекетаралық қатынастарды үйлестiру туралы Келiсiмдi дәйектi түрде iске асыруға талаптана отырып,

      төмендегілерге келістi:

      

      1-бап

      

      Осы Келiсiмнiң мақсаттары үшiн төменде келтiрiлген терминдердiң мынадай мағыналары бар:

      "жылжымалы ұялы байланыс жүйесi" - жүйенiң абоненттерiне және жалпы пайдаланыстағы жүйенiң абоненттерiне олардың көмегi арқылы ұсынылатын телефондық үзiлiссiз өзара байланысы (қалалық, қалааралық, халықаралық) техникалық құралдарының жиынтығы (коммутациялық және радио жабдығы, жалғастыру желiлерi, құрылыстар);

      "роуминг" - елдің iшiнде, сол сияқты шет елдерде бiр оператордың iс-қимылы өңiрiнен екiншiсiне ауысуында абоненттерге қандай да бiр алдын-ала өтiнiшсiз екiжақты байланысты жүзеге асыру мүмкiндiгiн қамтамасыз ететiн жылжымалы ұялы байланыс жүйесiнің қызметi;

      "транзиттiк жүйе" - бiр мемлекеттен екiншiге аралық елдер арқылы байланыс арналары бойынша ақпарат берудi қамтамасыз ететiн жүйе;

      "байланыс жабдығын стандарттау" - техникалық бiрдей мақсаттағы байланыс жабдығын салыстыру үшiн негiзге алынған техникалық сипаттамалар мен параметрлердi орнату және қолдану үдерiсi;

      "байланыс жабдығын сертификаттау" байланыс аппаратурасының белгiленген стандарттарға, басқа да нормалар мен техникалық талаптарға сәйкестiгiн тексеру;

      "абоненттiк терминал" - жеке пайдаланудағы абоненттiк аппарат, жылжымалы ұялы байланыс жүйесiндегi белгiлердi, оның көмегiмен абоненттiк қабылдау мен берудi жүзеге асыратын соңғылық қондырғы.

      

      2-бап

      

      Тараптар:

      - жылжымалы ұялы байланыс жүйесiн әрi қарай құру үшiн жиiлiктердi бөлу жөнiндегi ұсынымдар;

      - жылжымалы ұялы байланыс жүйелерiн дамытуға ықпал ететiн жағдайларды жасау жөнiндегi келiсiлген саясатты жүргiзудің негiзгі бағыттары бойынша ұсынымдар;

      - жылжымалы ұялы байланыс жүйесiн құру үшiн қолданылатын жабдықтарды стандарттау және сертификаттау бойынша ұсынымдар;

      - жылжымалы ұялы байланыстың ұлттық жүйелерiнің үйлесiмдiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған ұсыныстар;

      - ұлттық желiлердiң және халықаралық МоU - NМТ және МоU - QSМ ұйымдарының қолданылып жүрген ережелерiнiң ұйымдастыру-техникалық ерекшелiктерiн ескере отырып, жылжымалы ұялы байланыс жүйелерi операторларының өзара iс-қимылы бойынша ұсынымдар;

      - ақпаратты санкциясыз енуден қорғау және мұндай енуге тыйым салуды ұйымдастыру жөнiндегi ұсыныстар өңдеу бойынша шаралар қабылдайды.

      

      3-бап

      

      Тараптар:

      - ұлттық мәртебесi бар жылжымалы ұялы байланыс жүйелерiнiң желiлерiн дамытуға;

      - қабылданған стандарттарға орай жылжымалы ұялы байланыстың ұлттық жүйелерi арқылы мемлекетаралық роумингты қамтамасыз етуге;

      - жылжымалы ұялы байланыс жүйелерiнiң жұмыс iстеуi мүддесiмен транзиттiк желiлер мен жаңа технологиялар жасауға;

      - мемлекетаралық бағыттардағы жылжымалы ұялы байланыс жүйелерi саласында технологиялық процестер мен техникалық құралдарды жетiлдiруге;

      - халықаралық ұсынымдарға сәйкес мемлекетаралық роуминг қызмет көрсетулерi үшiн өзара есеп айырысу және төлемдер механизмi мен жүйесiн әзiрлеуге;

      - жылжымалы ұялы байланыс жүйелерiн әрi қарай дамыту үшiн оның жолақтарын бөлу мақсатында радиожиiлiк спектрiнiң айырбастау келiсiмiн жүргiзуге әзiрлiк бiлдiредi.

      

      4-бап

      

      Тараптар, Тараптар айқындайтын тәртiпке сәйкес, жылжымалы ұялы байланыстың абоненттiк жеке терминалдардың, сонымен қатар үшiншi елдерге роуминг ұсыну туралы жасалған шарттардың аясында оларды пайдалану үшiн мемлекеттiк шекаралар арқылы үшiншi елдерге транзитпен кедергiсiз өтудiң жағдайларын қамтамасыз ету жөнiнен шаралар қабылдайды.

      

      5-бап

      

      Жылжымалы ұялы байланыс жүйесiнің мемлекетаралық бағыттардағы өзара iс-қимылы туралы өз арасында шарттар жасауда шаруашылық субъектiлердiң қызметi осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң қолданып жүрген ұлттық заң актiлерiмен реттеледi.

      

      6-бап

      

      Тараптар осы Келiсiмнің қатысушы мемлекеттерiнiң аумақтарында

      байланыстың бұл түрiнiң қызмет көрсетулерiн тоқсауылсыз ұсынуға

      бағдарланған жылжымалы ұялы байланыс жүйесiн дамыту мен пайдалану

      саласында ұлттық нормативтiк-құқықтық актiлердi жақындату жөнiндегi

      шараларды жүзеге асырады.

      7-бап

      Осы Келiсiмнiң шарттарын әзiрлеу мен орындауға осы Келiсiмнiң

      қатысушы мемлекеттерiнiң байланыс әкiмшiлiктерi жауапты құзыреттi органдар

      болып табылады.

      8-бап

      Жылжымалы ұялы байланыс жүйесiн дамыту жөнiндегi бiрлескен

      iс-шараларды жүргiзу тең құқықтық және өзара тиiмдiлiк қағидаларымен осы

      Келiсiмнiң қатысушы әр мемлекетiнiң экономикалық және географиялық

      ерекшелiктерiн ескере отырып, жүзеге асырылады.

      9-бап

      Тараптардың өзара уағдаластықтары бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер

      мен толықтырулар енгiзiлуi мүмкiн.

      10-бап

      Осы Келiсiм күшiне енген күннен бастап бес жыл iшiнде қызмет етедi. Бұл мерзiм өткеннен кейiн Келiсiмдi, әр Тарап жаңа бес жыл мерзiмге, егер Тараптар басқа шешiм қабылдамаса, автоматты түрде ұзартады.

      

      11-бап

      

      Осы Келiсiм оған қол қойған Тараптардың қажеттi мемлекетішілiк барлық

      

      рәсiмдердi орындауы туралы үшiншi құлақтандыруды депозитарийге тапсырған

      күнiнен бастап күшiне енедi.

      Мемлекетішілiк рәсiмдердi кешiрек орындаған Тараптар үшiн

      ол тиiстi құжаттарды тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi.

      12-бап

      Осы Келiсiм оның мақсаттары мен қағидаттарын бөлетiн басқа

      мемлекеттердiң қосылуы үшiн мұндай қосылу туралы құжаттарды депозитарийге

      беру жолымен ашық болады. Қосылу депозитарийдiң мұндай қосылуға келiсiмi

      туралы соңғы хабарын алған күнiнен бастап күшiне енген деп есептеледi.

      13-бап

      Осы Келiсiмдi қолдану мен түсiндiруге байланысты даулы мәселелер

      

      кеңесулер және мүдделi Тараптардың келiссөздерi жолымен шешiледi.

      14-бап

      Әр Тарап осы Келiсiмнен шығу үшiн ол туралы депозитарийге жазбаша

      құлақтандыруды кемiнде 6 ай бұрын жолдап, осы Келiсiм бойынша қаржылық

      және басқа да мiндеттемелердi алдын-ала реттеп, шыға алады.

      1997 жылғы 17 қаңтарда Москва қаласында бiр данада орыс тiлiнде

      жасалды. Төл данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы Атқару Хатшылығында

      сақтаулы, ол осы Келiсiмге қол қойған әр мемлекетке оның расталған

      көшiрмесiн жолдайды.

       Әзірбайжан Республикасының Молдова Республикасының

       Үкіметі үшін Үкіметі үшін


       Армения Республикасының Ресей Федерациясының Үкіметі

       Үкіметі үшін үшін


       Беларусь Республикасының Тәжікстан Республикасының

       Үкіметі үшін Үкіметі үшін


       Грузия Республикасының Түркіменстан Республикасының

       Үкіметі үшін Үкіметі үшін


       Қазақстан Республикасының Өзбекстан Республикасының

       Үкіметі үшін Үкіметі үшін


       Қырғыз Республикасының Украина Республикасының

       Үкіметі үшін Үкіметі үшін

      Жылжымалы ұялы байланыс жүйесін дамыту және пайдаланудағы

      ынтымақтастық туралы Келісімге Молдова Республикасының ескертуі

      Молдова Республикасы жылжымалы ұялы байланыс жүйесін дамыту мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы Келісімнің жобасын келісуде.

      РСС қатысушы мемлекеттерінің жылжымалы ұялы байланыс жүйелері арасындағы өзара іс-әрекет, өзара түсіністік QSM - NMT туралы және бұл желілердің РСС-ға мүше мемлекеттері операторларының арасында екіжақты жасалған келісімдермен меморандум және өзара түсіністік негізінде жүзеге асуы керек деп есептейміз.

      

      Вице-Премьер

      Осымен қоса беріліп отырған мәтін 1997 жылғы 17 қаңтарда Москва

      қаласында болған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы үкіметтері басшылары

      Кеңесінің отырысында қабылданған жылжымалы ұялы байланыстың жүйелерін

      дамыту мен пайдаланудағы ынтымақтастық туралы Келісімнің бірдей көшірмесі

      болып табылатындығын куәландырамын.

      Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы

      Атқару Хатшысының орынбасары

      Оқығандар:

      Қобдалиева Н.М.

      Орынбекова Д.К.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады