Иондаушы сәулелену көздерін Қазақстан Республикасына әкелуге рұқсат беру туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 26 шілде N 1120

      "Қазақстан Республикасында тауарлардың (жұмыстардың, қызмет көрсетулердің) экспорты мен импортын лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 30 маусымдағы N 1037 P971037_ қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. "Рейнхольд Мала" құрылыс-оқшауландыру жұмыстары жөніндегі жауапкершілігі шектеулі қоғамына (Будапешт қаласы, Венгрия) 2000 жылғы 30 мамырдағы "Изинта" (Будапешт қаласы, Венгрия) жауапкершілігі шектеулі серіктестігімен жасалған қызмет көрсетулерді орындауға арналған шартқа сәйкес Венгриядан Қазақстан Республикасына жиынтық белсенділігі 23.68 ТВg 8 Иридий-192 иондаушы сәулелену көздерін (СЭҚ ТН коды 284440) әкелуге рұқсат етілсін.
      2. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен "Рейнхольд Мала" құрылыс-оқшауландыру жұмыстары жөніндегі жауапкершілігі шектеулі қоғамға жоғарыда көрсетілген өнімді әкелуге лицензия берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден

 

комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен көрсетілген өнімді кедендік

бақылау мен кедендік ресімдеуді қамтамасыз етсін.

     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Энергетика,

индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы жөніндегі комитетіне

жүктелсін.

     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.


     Қазақстан Республикасының

       Премьер-Министрі




    Оқығандар:

   Қобдалиева Н.М.

   Орынбекова Д.К.      





Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады