Мазут экспортына уақытша тыйым салуды енгізу туралы

Күшін жойған

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 28 шілде N 1155. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001.03.03. N 326 қаулысымен. ~P010326

      Елдің ішкі қажеттерін қамтамасыз ету үшін мазут қорын жасау қажеттігіне, жылу маусымына дайындыққа және "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының Z952368_ 20-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
      1. 2000 жылғы 1 тамыздан бастап Қазақстан Республикасы аумағынан мазутты (ТМД СЭҚ ТН коды 2710 00 710-2710 00 780) әкетуге тыйым салынсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кіріс министрлігінің Кеден комитеті осы қаулының 1-тармағын орындау жөнінде қажетті шараларды қабылдасын.
      3. Облыстардың, Астана мен Алматы қалаларының әкімдері және Қазақстан

Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі мазутпен 
қамтамасыз ету ісінің жай-күйі туралы ай сайын Қазақстан Республикасының 
Үкіметіне хабарлап отырсын.
     4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы 
Премьер-Министрінің орынбасары Д.К. Ахметовке жүктелсін.
     5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және жариялауға 
жатады.
     
     Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі
 

    Оқығандар:
    Қобдалиева Н.М.
    Орынбекова Д.К.      
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады