Шығыс Қазақстан облысының Курчатов қаласын жылумен жабдықтауды тұрақтандыру мен сызбасын оңтайландыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкiметi қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Энергетика, индустрия және сауда министрлiгiнiң Шығыс Қазақстан облысы Курчатов қаласының жылу көздерiн қатты отынға көшiру жұмыстарын қаржыландыру туралы ұсынысы қабылдансын.
2. Ресей Федерациясының Үкiметi мен Қазақстан Республикасының Үкiметi
арасындағы 1995 жылғы 20 қаңтардағы Ядролық материалдарды ұқсату кезiндегi
ынтымақтастық және өзара есеп айырысу туралы келiсiмге сәйкес ядролық
оқ-дәрiлердi ұқсатудан түскен қаражаттан Шығыс Қазақстан облысының әкiмiне
80 (сексен) миллион теңге бөлiнсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Оқығандар:
Қобдалиева Н.М.
Икебаева А.Ж.