Азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы келісімді бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы 2000 жылғы 4 тамыз N 1205


     Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
     1. 1995 жылғы 26 мамырда Минск қаласында жасалған Азаматтық авиацияны 
заңсыз араласу актілерінен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық 
туралы келісім бекітілсін.
     2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
     
     Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі
     
                                              Ресми расталған мәтін
     
          Азаматтық авиацияны заңсыз араласу актілерінен қорғауды 
               қамтамасыз ету жөніндегі ынтымақтастық туралы 
                                 Келісім
     
     Бұдан әрi Тараптар деп аталатын үкiметтер тұлғасындағы осы Келісімге 
қатысушы мемлекеттер,
     азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу әрекеттерiнiң алдын алу 
және бұлтартпауға бағытталған келiсiлген шараларға қол жеткiзуге ұмтыла 
отырып,


      халықаралық келiсiмдер мен конвенцияларды, Тараптар қол қойған 1991 жылғы 25 желтоқсандағы Азаматтық авиация туралы және әуе кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi келiсiмнiң ережелерiн басшылыққа ала отырып,
      әуе қатынасы туралы екi жақты келiсiмнiң ережелерiн назарға ала отырып,
      төмендегiлер туралы келiстi:
                                   1-бап



      Осы Келiсiмнiң мақсаты үшiн онда пайдаланылатын терминдер:
      "авиациялық қауiпсiздiк" - шаралар кешенi, сондай-ақ азаматтық авиацияны заңсыз араласу әрекеттерiнен қорғауға арналған адамдық және материалдық ресурстар;
      "Тараптардың аумақтары" - осы Келiсiмге қатысушы мемлекеттердiң дербестiгiндегi құрлық және сулы кеңiстiк, оның iшiнде аумақтық сулар және олардың үстiндегi әуе кеңiстiгi;
      "Тараптардың әуе кемесi" - ұлттық заңдарға сәйкес Тараптардың азаматтық әуе кемелерiнiң мемлекеттiк тiзiлімiне енгiзiлген кез-келген әуе кемесi;
      "заңсыз араласуға ұшыраған әуе кемесi" - заңсыз араласу әрекетiн жасау туралы немесе жасау қаупi жөнiнде борттан немесе соған қатысты хабар түскен немесе өзге де ақпарат бар Тараптардың бiрiнiң әуе кемесi.
                                   2-бап



      Әрбiр Тарап өз аумағында өзiнiң ұлттық заңдарына сәйкес азаматтық авиация қызметiне заңсыз араласу әрекеттерінің алдын алу жөнiнде қажеттi шаралар қабылдайды, оның iшiнде авиациялық қауiпсiздiк мүддесiнде әуежайларды, әуе кемелерiн күзетудi, жолаушыларды, қол жүгiн және теңдеме жүктi тексерудi, сондай-ақ әуе кемелерiнде тасымалданатын жүктердi бақылауды жүзеге асырады.
      Әрбiр Тарап тәжiрибелiк мүмкiндiктер шеңберiнде екiншi Тараптың, оның әуе кемелерiне қатысты қосымша авиациялық қауіпсiздiк шараларын қабылдауға қатысты өтiнiштерiн қанағаттандырады.
                                   3-бап



      Әрбiр Тарап қауiп төнген немесе екiншi Тараптың әуе кемесiне қатысты заңсыз араласу әрекетiн жасалған жағдайда жедел түрде осы туралы екiншi Тарапты хабардар етедi және осындай әрекеттiң алдын алу және болдырмау үшiн барлық қажеттi шараларды, сондай-ақ қорғау және жолаушыларға, экипаж мүшелерiне қажеттi көмек көрсету және әуе кемесiнiң, теңдеме жүктің, жүктің және почтаның сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қабылдайды.
      Азаматтық авиация қызметiне қауiп төнген немесе заңсыз араласу әрекетiн iстеу туралы ақпарат келiсілген iс-қимылдарды қамтамасыз ету және өзара көмек көрсету үшін мүдделі Тараптарға уақытында жіберіледі.
                                   4-бап



      Аумағына екiншi Тараптың заңсыз араласуға ұшыраған әуе кемесi қонған Тарап бар тәртiппен дипломатиялық (консулдық) мекемелердiң, өкiлеттi органдардың өкілдерiне және олардың қажеттi қызметтiк мiндеттемелердi орындауы үшiн, Тараптардың мүдделi кәсiпорындарына оған енуін қамтамасыз етедi.
                                   5-бап



      Аумағына екiншi Тараптың заңсыз араласуға ұшыраған әуе кемесi қонған Тарап қылмыстық әрекеттiң жолын кескеннен кейiн әуе кемесiнiң экипаж мүшелерiне және жолаушыларына олардың бару мекенiне дейiн ұшуды жалғастыруына немесе ұшудың алғашқы мекенiне қайтуына қажеттi көмек және жәрдем, сондай-ақ зардап шеккен тұлғаларға медициналық жәрдем көрсетедi.
                                   6-бап



      Тараптардың бiрiнiң әуе кемесiне қатысты заңсыз араласу әрекетiн жасаған немесе жасауға тырысқан тұлғаларға қатысты заңдық иелiк, осы тұлғаларды беру, сондай-ақ осындай жағдайлардағы тергеулер кезiнде құқықтық көмек көрсету мәселелерi Тараптар қатысушы болып табылатын мемлекетаралық келiсiмдерге сәйкес шешiледi.
                                   7-бап



      Тараптар өзінің ұлттық авиациялық қауiпсiздiк бағдарламаларын жетiлдiру мақсатында ынтымақтасады.
      Ынтымақтастық кадрларды дайындау бағдарламаларын әзiрлеу және жүзеге асыру, сондай-ақ авиациялық қауiпсiздiк және әуе кемелерiне, жолаушыларға, экипаж мүшелерiне, жүктерге және почтаға қызмет көрсету технологиясын қамтамасыз етудiң бiр iзге салынған тәртiбiн әзiрлеу және қолдану саласында жүзеге асырылады.
                                   8-бап



      Тараптардың азаматтық авиацияны заңсыз араласу әрекеттерiнен қорғау жөнiндегi келiсiлген iс-қимылға қол жеткiзу және осы Келiсiмнiң ережелерiн жүзеге асыру жөнiндегi Тараптардың тиiстi өкiлеттi органдарының өзара iс-қимылын қамтамасыз ету мақсатында Мемлекетаралық авиациялық комитет жанынан Авиациялық қауiпсiздiк жөнiндегi үйлестiру кеңесi құрылады.
                                   9-бап



      Осы Келiсiмдi қолдану мен түсiндiруге байланысты мәселелер Тараптардың өкiлеттi органдарының немесе Авиация және әуе кеңiстiгiн пайдалану жөнiндегi кеңес арасында келiссөздер мен консультациялар арқылы шешiледi.
                                   10-бап



      Осы Келiсiм қол қойылған күнiнен бастап уақытша қолданылады және оның күшiне енуi үшiн қажеттi мемлекетiшiлiк рәсiмдердi Тараптардың орындағаны туралы үшiншi хабарды депозитарийге сақтауға тапсырған күнiнен бастап күшiне енедi.
                                   11-бап



      Тараптар өзара келiсiм бойынша осы Келiсiмге өзгерiстер мен толықтырулар енгiзедi.
                                   12-бап



      Әрбiр Тарап осы жөнiнде шығатын күнiнен тоқсан күннен кешiктiрмей депозитарийге жазбаша хабарлау арқылы осы Келісімнен шығуға құқылы.
                                   13-бап



      Осы Келiсiм, оның мақсаттары мен принциптерiн бөлетiн және өзiне осы

Келiсiмнен шығатын мiндеттемелердi қабылдауға дайын басқа да 
мемлекеттердiң қосылуы үшiн ашық.
     
     Минск қаласында 1995 жылғы 26 мамырда бір түпнұсқалық данада орыс 
тілінде жасалды. Түпнұсқалық дана Келісімге қол қойған әрбір мемлекетке 
оның расталған көшірмесін жіберетін Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының 
Атқарушы Хатшылығында сақталады.
     
Әзiрбайжан Республикасының                     Молдова Республикасының
Үкiметi үшiн                                   Үкіметі үшін

Армения Республикасының                        Ресей Федерациясының
Үкiметi үшiн                                   Үкіметі үшін

Беларусь Республикасының                       Тәжікстан Республикасының
Үкiметi үшiн                                   Үкіметі үшін 

Грузия Республикасының                         Түрікменстан
Үкiметi үшiн                                   Үкіметі үшін

Қазақстан Республикасының                      Өзбекстан Республикасының
Үкiметi үшiн                                   Үкіметі үшін

Қырғызстан Республикасының                     Украина
Үкiметi үшiн                                   Үкіметі үшін



      Осымен Минск қаласында 1995 жылы 26 мамырда өткен Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Yкiмет басшылары кеңесiнiң мәжiлiсiнде қабылданған Азаматтық авиацияны заңсыз араласу әрекеттерiнен қорғауды қамтамасыз ету жөнiндегi ынтымақтастық туралы келiсiмнiң көшiрмесiмен

бiрдей болып табылатындығын куәландырамын. Жоғарыда аталған Келiсiмнiң 
түпнұсқалық данасы Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығының Атқарушы 
Хатшылығында 
сақталады.
     
Тәуелсiз Мемлекеттер
Достастығының Атқарушы
Хатшысының бiрiншi орынбасары
     
     
     Оқығандар:
     Қобдалиева Н.М.
     Орынбекова Д.К.     
      
      


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады