Мемлекеттік басқару органдарымен байланыс жасайтын және Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің арнайы инфрақұрылымы мен ресурстарын пайдаланатын ұйымдарға жататын "Нұрсат" жабық акционерлік қоғамындағы (бұдан әрі - "Нұрсат" ЖАҚ) қазақстандық қатысу үлесін сақтау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті белгіленген тәртіппен:
1) "Қазақпартелеком" жабық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - "Қазақпартелеком" ЖАҚ) "Нұрсат" ЖАҚ-ның акцияларын сату туралы мәселені қарау кезінде "Нұрсат" ЖАҚ-ның Құрылтайшылық шартының қазақстандық акционерлердің оның жарғылық капиталында тепе-тең қатысуын қорғау жөніндегі 3.2 (А) тармағының талаптарын сақталуды қамтамасыз етсін;
2) "Қазақпартелеком" ЖАҚ-мен келісім бойынша "Нұрсат" ЖАҚ
акцияларының бір бөлігін қазақстандық резидентке сату мәселелерін қарасын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің орынбасары Е.Ә. Өтембаевқа жүктелсін.
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі
Мамандар:
Қобдалиева Н.М.
Орынбекова Д.К.